Заманауи анестезиология шешімдері: МИТ Mindray A9 жүйесін ұсынды

2026 жылдың 16 мамырында «МИТ» компаниясы Риддер қалалық ауруханасында өткен «Анестезиологтар мен реаниматологтар федерациясы» РҚБ-і сырттай өңірлік конференциясына қатысты.

Конференция барысында «МИТ» компаниясының мамандары Shenzhen Mindray Bio-Medical Electronics Co., Ltd. компаниясы шығарған қосымша жабдықтары бар Mindray A9 заманауи наркозды жүйесін ұсынды. Іс-шара қатысушылары жабдықтың функциональды мүмкіндіктерімен, инновациялық мониторинг технологияларымен және анестезия кезінде науқастардың қауіпсіздігін жақсарту шешімдерімен таныса алды.

Shenzhen Mindray Bio-Medical Electronics Co., Ltd. компаниясының A9 наркозды жүйесі жоғары дәлдіктегі наркозды аппараттың, ӨЖЖ аппаратының және науқастың озық бақылау жүйесінің қызметтерін біріктіретін  интеллектуальды анестезиологиялық станциялар заманауи буынының бірі болып табылады.

Жүйенің негізгі артықшылықтары мен ерекшеліктері:

 

  • Өкпені жасанды желдету
    Жүйе ересектерге, балаларға және жаңа туған нәрестелерге арналған заманауи желдету режимдерін қолдайды. Бұл анестезия кезінде тыныс алу қоспаларын дәл жеткізіп, науқас қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.
  • Жоғары дәлдіктегі электронды газ араластырғыш
    A9 жүйесі оттегіні, ауаны және анестетиктерді тұрақты әрі дәл беруді қамтамасыз етеді. Бұл әсіресе ұзаққа созылатын және күрделі операциялар кезінде аса маңызды.
  • Автоматтандырылған қауіпсіздік функциялары
    Жүйе желдету параметрлерін, қысымды және газ концентрациясын бақылайтын интеллектуалды алгоритмдермен жабдықталған. Бұл қателік қаупін азайтып, пациент жағдайындағы өзгерістерге жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
  • Науқас мониторингімен интеграция
    Mindray науқас мониторларымен біріктіру мүмкіндігі дәрігерге бір жұмыс орнында нақты уақыт режимінде толық клиникалық көріністі алуға мүмкіндік береді.
  • Үлкен сенсорлық дисплей
    Түсінікті әрі ыңғайлы интерфейс анестезиологтың жұмысын жеңілдетіп, параметрлерді жылдам баптауға және жабдықты қолдану қолайлылығын арттыруға көмектеседі.
  • Төмен ағынды анестезияны қолдау
    Low-flow anesthesia технологиясы анестетиктер мен медициналық газдардың шығынын азайтып, жүйенің үнемді әрі экологиялық тұрғыдан тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
  • Заманауи эргономика
    Жан-жақты ойластырылған құрылым, мобильділік және модульдердің ыңғайлы орналасуы жүйені әртүрлі бейіндегі операциялық бөлмелерде қолдануға қолайлы етеді.

 

A9 жүйесін пайдалану анестезиологиялық қамтамасыз ету деңгейін арттыруға, науқастың өмірлік маңызды көрсеткіштерін бақылауды жақсартуға және медицина қызметкерлерінің жұмыс тиімділігін көтеруге мүмкіндік береді. Инновациялық технологиялардың, сенімділіктің және пайдаланудағы қолайлылықтың үйлесімі бұл жүйені көпсалалы клиникалар мен заманауи операциялық блоктарда сұранысқа ие етеді.

«МИТ» компаниясы конференция ұйымдастырушыларына және Риддер қалалық ауруханасының ұжымына іс-шараны жоғары деңгейде өткізгені әрі медициналық тәжірибеге арналған озық шешімдерді таныстыруға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіреді.