Астанада біздің компанияның қолдауымен Қазақстан Республикасының Терапевттерінің конгресі өтті
МИТ компаниясы демеуші ретінде ҚР-ң Бірінші Президентінің мұражайында және ҚР ПІБ МО Ауруханасында 16-17 қараша 2023 жылы өткен «Дәрілік терапияның сапасы мен қауіпсіздігі: әлемдік трендтер мен стандарттар» атты Қазақстан Республикасының Терапевттерінің конгресіне қатысты
Қазақстан Республикасының Президентінің Істері Басқармасының, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің, «Клиникалық фармакологтар және фармацевттердің кәсіби ассоциациясы» РҚБ-ң қолдауымен ұйымдастырылған іс-шара осы салада тәжірибемен алмасу және өзекті мәселелерді талқылау үшін терапия және фармакология саласында жетекші мамандарды жинады.
МИТ компаниясының «кілтпен тапсырылатын» 2013-2014 жылдары жүзеге асырылған сәтті жобасы болып келетін ҚР ПІБ МО ауруханасы конгрестің дайындығы мен өткізуінде үлкен рөл атқарды.
17 жылдан астам біз Қазақстан Республикасының медициналық мекемелерін заманауи, инновациялық, медициналық жабдықтармен жабдықтау бойынша «кілтпен» тапсырылатын жобаларды сәтті жүзеге асырып келеміз.
Жобаларды «кілтпен» тапсыруға кіреді:
- жобаны жасап шығару, талдау және түзету;
- медико-технологиялық жобалау;
- Таза бөлмелер кешенін жасау (ТБК);
- Медициналық газбен қамтамасыз ету жүйесін жасау;
- Медициналық жабдықты жеткізу және монтаждау;
- Қызметкерлерді дайындықтан өткізу/нұсқаулық беру;
- Кепілдік және кепілдіктен кейінгі техникалық қызмет көрсету.
Конгрестің барысында ұсынылған көрме аясында біз Shenzhen Mindray Bio-Medical Electronics CO (Қытай) медициналық жабдықтың жетекші өндірушісінен инновациялық MX7 Мобильді жүйесін ұсындық. Бұл алдыңғы қатарлы мобильді жүйесі емдеу процесінің нәтижелілігін және сапасын арттыруға арналған.