Таза бөлмелер кешенінің құрылысы
2024 жылы МИТ компаниясы таза бөлмелер кешенін жобалау, салу және модернизациялау технологияларын, сондай-ақ, ауыр техниканы орнату үшін мамандандырылған аймақтарды дайындауды белсенді түрде дамытуды жалғастырды.
2024 жылғы негізгі жобалар:
- А.Н. Сызғанов ат. Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ» (Алматы қ.) – таза бөлмелерді жаңарту бойынша жөндеу-құрылыс жұмыстары.
- «Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы» ШЖҚ МҚК (Алматы қ.) – ангиоблок кабинетін дайындау.
- «№ 1 қалалық клиникалық аурухана» ШЖҚ МҚК (Шымкент қ.) – операциялық бөлмедегі желдету және ауаны баптау жүйесін біріктіру.
- «Қазақстан Республикасы Президенті Істері Басқармасының Медициналық орталығының ауруханасы» РМК – емдеу кабинетін жөндеу және дайындау.
- «Жамбыл облыстық көпсалалы ауруханасы» ШЖҚ МҚК – компьютерлік томографты орнату үшін бөлмелерді дайындау.
Жүзеге асырылған жобалар мен жұмыстың инновациялық тәсілдері компанияның таза бөлмелерді құру және қызмет көрсету саласындағы көшбасшылардың бірі ретіндегі ұстанымын нығайтты. Біз тұтынушыларға жоғары сапалы және сенімді шешімдерді ұсына отырып, озық технологияларды енгізуді жалғастырамыз.
Сондай-ақ оқыңыз

29.05.2025
MИТ — Орталық Азия-Қытай нейрохирургтер форумының серіктесі
КӨБІРЕК БІЛУ ҮШІН

27.05.2025
«МИТ» компаниясы – KIHE 2025 30-шы мерейтойлық Қазақстан халықаралық «Денсаулық сақтау» көрмесінің қатысушысы
КӨБІРЕК БІЛУ ҮШІН

24.04.2025
MИТ Алматыда өткен ЛОР және неврология бойынша халықаралық конгресске қолдау көрсетті
КӨБІРЕК БІЛУ ҮШІН