Mindray 2024 дистрибьюторларының съезі

Біздің компания Алматы қаласында 2 наурызда өткен «Mindray 2024 дистрибьюторларының съезіне» қатысты. Бұл іс-шара медициналық жабдықтардың Орталық Азия нарығында ағымдағы жағдайды талқылау үшін, Mindray компаниясының жаңа өнімдерін және жаңартуларын көрсету үшін платформа болып келді.

Съезд аясында Mindray компаниясының өкілдері дамудың басым бағыттарын ерекше атап өтіп, дистрибьюторлармен әріптестіктің маңыздылығына назар аударып, жабдықтардың түрлі топтамасының бизнес-стратегияларымен бөлісті.

МИТ Өзбекстан ЖШҚ 2023 жылы «Rising star award» номинациясында Mindray компаниясынан жоғары марапатқа ие болды.

Сонымен бірге, съезде іс-шара қатысушыларының тарапынан үлкен қызуғышылық тудырған Mindray компаниясының жаңа өнімдері мен жаңартулары ұсынылған болатын. Жаңа технологиялардың және медициналық жабдықтардың таныстырылымы мен ұсынылуы дистрибьюторларға ұсынылатын өнімдердің мүмкіншіліктері мен артықшылықтары туралы толық түсінік алуға мүмкіндік берді.