МИТ және Elekta іскерлік кездесуі: жаңа шешімдер және сервистік қолдауды дамыту
«Медико-Инновационные Технологии» компаниясы радиотерапия және онкология саласындағы инновациялық шешімдердің әлемдік көшбасшы Elekta компаниясының өкілдерімен іскерлік кездесуін өткізді.
Кездесу барысында Elekta компаниясының жаңартылған жабдықтар желісі, сондай-ақ сәулелік терапия саласындағы ең жаңа технологиялық шешімдерінің тұсаукесері өтті. Тараптар қызмет көрсетуді дамыту, техникалық қолдаудың тиімділігін арттыру және сызықтық үдеткіштердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін қосалқы бөлшектерді жеткізу уақытын қысқарту сияқты одан әрі ынтымақтастық стратегиясын талқылады.
«Медико-Инновационные Технологии» және Elekta арасындағы ынтымақтастық Қазақстанда қатерлі ісіктерді емдеудің тиімділігін арттыратын және науқастардың өмір сүру сапасын жақсартатын озық сәулелік терапия әдістерін енгізуге бағытталған.
«Медико-Инновационные Технологии» компаниясы бұған дейін Шығыс Қазақстан облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығына және Жамбыл облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығына Elekta сызықтық үдеткіштерін жеткізіп, бұл медициналық ұйымдарды жоғары дәлдіктегі сәулелік терапияға арналған заманауи шешімдермен қамтамасыз еткен.





