МИТ серіктесі «Haag-Streit Surgical» компаниясының «Best newcomer» марапатының құрметті иегері атанды

«Медициналық-Инновациялық технологиялар» компаниясы серіктесі «HAAG-STREIT SURGICAL» компаниясының «Best Newcomer» номинациясында Қазақстан Республикасы нарығында сатудағы үздік қадамдары үшін құрметті марапаттың иегері атанды. “HAAG-STREIT SURGICAL” компаниясының президенті Мануэла Зуттер-Мелер ханым марапатты компаниямызға өз қолынан табыстады. Partner Meeting Haag-Streit Surgical ауқымды іс-шарасы серіктес базасында әлемнің 45-тен астам елінің компанияларының қатысуымен Германияда өткізілді.
«HAAG-STREIT SURGICAL» офтальмологиялық операциялық және интраоперациялық микроскоптар өндірісінде әлемдік көшбасшы болып табылады. Біз «HAAG-STREIT SURGICAL» компаниясымен арадағы қарым-қатынасты мақтан етеміз және өнімнің жоғары сапасын, инновациялық тәсілдемені, технологиялардың үнемі жетілдірілуін бағалаймыз.