MIT & Mindray Шымкентте
Бүгін Шымкент қаласындағы «Түркістан облысының облыстық клиникалық ауруханасы» ШЖҚ МҚК базасында «Анестезиологтар мен реаниматологтар федерациясының» (АРФ) сырттай отырысы басталды. Қатысушылар Түркістан облысының тұрғындарына анестезиологиялық және реанимациялық көмек көрсетуді жақсартудың маңызды мәселелерін, сондай-ақ, практикалық мәселелерді – өмірлік маңызды функциялардың заманауи мониторингін, ингаляциялық анестезияны және анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінде IT-технологияларды талқылайды. Жиынға анестезиология және реанимация, оның ішінде балалар медицинасы саласындағы денсаулық сақтау мамандары қатысады. Талқылау қорытындысы Түркістан облысының тұрғындарына медициналық көмек көрсету сапасын арттыруға ықпал етеді деп күтілуде.
MИТ компаниясы ресми дистрибьютор ретінде Қытайдың жетекші медициналық жабдықтар өндірушісі Mindray компаниясының реанимациялық және диагностикалық жабдықтарын ұсынды.
Шеберлік класы барысында тәжірибелі анестезиологтар мен реаниматологтар медициналық жабдықтардың функционалдық мүмкіндіктерімен танысуға мүмкіндік алады.
Шара мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдауға және клиникалық тәжірибеде озық технологияларды пайдалануға үлкен үлес қосуда.