МИТ компаниясының сарапшылары European Congress of Radiology 2026 қатысты
МИТ компаниясының басшылығы 2026 жылдың 4-8 наурызы аралығында Австрияның Вена қаласында өткен European Congress of Radiology 2026 медициналық визуализация саласындағы ең ірі халықаралық конгресіне қатысты.
Конгресс жыл сайын диагностика, медициналық визуализация және радиотерапия саласындағы соңғы жетістіктерді талқылау үшін әлемнің түкпір-түкпірінен жетекші радиологтарды, медициналық физиктерді, ғалымдарды және медицина саласының өкілдерін біріктіреді.
Іс-шара барысында МИТ басшылығы радиологиядағы соңғы технологиялық шешімдермен танысып, халықаралық медициналық жабдықтар өндірушілерімен бірқатар жұмыс кездесулерін өткізді. Атап айтқанда, сәулелік терапияда ынтымақтастықты дамыту және заманауи технологияларды енгізу мәселелерін талқылау үшін Elekta өкілдерімен кездесу өтті.
Халықаралық кәсіби форумдарға қатысу МИТ-ке медициналық технологияларды дамытудағы әлемдік үрдістерден хабардар болуға мүмкіндік береді және жетекші әлемдік өндірушілермен ынтымақтастықты жеңілдетеді.




