МИТ компаниясы World Health Expo 2026 көрмесінде GE HealthCare тарапынан халықаралық марапатқа ие болды
МИТ компаниясы медициналық технологиялар саласындағы әлемдік көшбасшы GE HealthCare компаниясының беделді Deliver in Uncertain World Award марапатына ие болды. Марапат табыстау рәсімі Dubai қаласында Channel Partners Dinner 2026 аясында өтті.
Марапат күрделі жобаны табысты іске асырғаны үшін берілді: Revolution Maxima компьютерлік томографтарының 8 данасын Қазақстан өңірлеріне жеткізу. Қысқа мерзімдер мен жоғары жобалық тәуекелдерге қарамастан, МИТ командасы жұмыстардың толық циклін қамтамасыз етті — логистика мен нысандарды дайындаудан бастап монтаж және мамандарды оқытуға (аппликация) дейін.
Бұл марапат МИТ компаниясының белгісіздік жағдайында ауқымды жобаларды тиімді басқарып, әлемдік деңгейдегі нәтижеге кепілдік бере алатын сенімді серіктес мәртебесін растайды.



