МИТ компаниясы «Нұрбанк» АҚ-мен бірлесіп, «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ-на қайырымдылық көмек көрсетті
Бүкіл әлемде дің жасушаларын қолдануға негізделген жасушалық технологиялар айтарлықтай қарқынды дамып келеді. «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ 10 жылдан астам гемопоэтикалық дің жасушаларын трансплантациялаумен айналысады.
Онкологиялық және гематологиялық аурулары бар науқастарды емдеу үшін дің жасушаларын жылдам мұздату, содан кейін крио-сақтау мүмкіндігі өте маңызды.
Орталықтың жұмыс істеуі барысында трансплантаттарды сақтауға мүмкіндік беретін қосымша криоқойма қажеттілігі туындады.
Біздің компания «Нұрбанк» АҚ-мен бірлесе отырып, «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ-н IC Biomedical шығарған толтыру деңгейін автоматты түрде реттейтін 10К сериялы криогендік жүйемен қамтамасыз етті.
Бұл жүйе сұйық азотты қажетті деңгейге дейін автоматты түрде толтыра отырып, дің жасушаларының саны мен сапасын (тіршілігін) сақтау үшін қажетті деңгей мен температураны үнемі бақылайтын арнайы бағдарламамен жабдықталған.
Жаңа криоқоймасының жеткізілуінің арқасында Орталықта көбірек жас науқастарға бағдарламалық ем алуға көмектесу мүмкіндігі бар.