«МИТ» компаниясы Қазақстанның аймақтарына 8 GE Revolution Maxima компьютерлік томографын жеткізеді
«Медико-Инновационные Технологии» (МИТ) ЖШС компаниясы GE HealthCare (GE Hangwei Medical Systems Co., Ltd, Қытай) шығарған 8 GE Revolution Maxima компьютерлік томографын Қазақстандағы медициналық ұйымдарға жеткізуге тендерді жеңіп алып, шарттарға қол қойды.
Бұл заманауи, жоғары дәлдіктегі КТ жүйелері келесі медициналық мекемелерге орнатылады:
- «Қарағанды қаласының №3 көпсалалы ауруханасы», Қарағанды облысы, Қарағанды қ.
- «Жамбыл облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығы», Жамбыл облысы, Тараз қ.
- «Қызылорда облыстық онкологиялық орталығы», Қызылорда облысы, Қызылорда қ.
- «Облыстық балалар көпбейінді ауруханасы», Батыс Қазақстан облысы, Орал қ.
- «Ядролық медицина және онкология орталығы», Абай облысы, Семей қ.
- «Онкологиялық орталығы бар калалық көпбейінді аурухана», Шымкент қ.
- «Қалалық балалар клиникалық ауруханасы», Шымкент қ.
- «Көпбейінді облыстық аурухана», Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавловск қ.
GE Revolution Maxima – жұмыс процесінің әрбір кезеңін оңтайландыруға арналған жоғары өнімді және сенімді компьютерлік томография жүйесі: науқастардың бағытталуынан бастап қорытынды есепке дейін.
МИТ компаниясы – Қазақстандағы GE HealthCare медициналық жабдықтарының ресми дистрибьюторы.
Сондай-ақ оқыңыз

17.06.2026
Brainlab, Leica Microsystems және MIT Семей қаласында нейрохирургияға арналған заманауи сандық технологияларды таныстырды
КӨБІРЕК БІЛУ ҮШІН

05.06.2026
Нейрохирургиядағы заманауи технологиялар: «МИТ» компаниясының Қазақстан нейрохирургтарының VI Конгресіне қатысуы
КӨБІРЕК БІЛУ ҮШІН

29.05.2026
Сәулелік терапиядан сандық операциялық бөлмелерге дейін: МИТ KIHE 2026 көрмесінде
КӨБІРЕК БІЛУ ҮШІН
