МИТ компаниясы Қазақстан онкологтары мен радиологтарының X съезінде: сәулелік терапиядағы инновациялар мен көшбасшылыққа басымдық

12-14 наурыз күндері Алматы қаласындағы Rixos Almaty Hotel қонақүйінде Қазақстан онкологтары мен радиологтарының мерейтойлық X съезі өтті. Аталған маңызды салалық іс-шараның серіктестерінің бірі ретінде МИТ компаниясы қатысты․

 

Іс-шараны Қазақстан онкологтары мен радиологтары қоғамы ҚазҒЗИОжР-мен бірлесіп ұйымдастырды. Съезд Қазақстаннан және шетелден келген онколог дәрігерлерді, радиологтарды, гематологтарды, ядролық медицина мамандарын, онкохирургтарды, медициналық физиктерді, денсаулық сақтау ұйымдастырушыларын және басқа да сабақтас салалардың сарапшыларын бір алаңға тоғыстырды.

Көрме экспозициясы аясында МИТ компаниясы заманауи шешімдерді, атап айтқанда жоғары дәлдікті сәулелік терапияға арналған Elekta желілік үдеткіштерін таныстырды. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А.Ш. Әлназарова компанияның стендіне келіп, елдегі онкологиялық көмектің сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін технологияларға ерекше қызығушылық танытты.

МИТ компаниясы Қазақстанда сәулелік терапия инфрақұрылымын дамытуға белсенді түрде үлес қосып келеді. Бүгінгі таңда компания жеткізген үш желілік үдеткіш келесі медициналық мекемелерде онкологиялық науқастарды емдеуде қолданылуда:

  • Тараз қаласындағы 200 төсектік облыстық онкологиялық диспансер;
  • Өскемен қаласындағы Сәулелік терапия және диагностика орталығы;
  • Павлодар қаласындағы Павлодар облыстық онкологиялық диспансері.

GE Healthcare, Brainlab, Mindray, Vision RT, Agfa, Ulrich, Sanova, Orfit, PTW, LAP, Comecer, ABX, Kapsam және басқа да әлемдік жетекші өндірушілердің ресми жеткізушісі мәртебесі МИТ компаниясына Қазақстан медицинасына халықаралық үздік стандарттарды енгізуге мүмкіндік береді.

Өткен съезд компания серіктестерінің инновациялық шешімдерін тәжірибелік мамандарға таныстыруға, бірлескен жұмыстың жаңа бағыттарын айқындауға және сарапшылар қауымдастығымен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүмкіндік берді.