МИТ компаниясы әлемдік өндірушілерден инновациялық шешімдерді ұсынды
«Медико-Инновационные Технологии» компаниясы Астана қ. 2023 жылдың 2-3 маусымында ұйымдастырылған «Сүт безінің ісігі» атты конференциясының Бас демеушісі ретінде қатысты.
Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығымен, Онкологтар-хирургтар қоғамдастығымен және Онкологтар-маммологтар қоғамдық бірлестігімен ұйымдастырылған форумның барысында көптеген сұрақтар талқыланды:
- Сүт безінің онкопластикалық хирургиясы;
- Сүт безі ісігінің (СБІ) хирургиясының өзекті мәселелері;
- СБІ дәрілік және сәулелік терапиясының принциптері;
- СБІ диагностикалау.
Конференция аясында Orfit Industries (Бельгия), PTW (Германия), Vision RT (Англия) сияқты әлем өндірушілерінің инновациялық шешімдері ұсынылды.
Науқасты жылжыту жүйесі, үш өлшемді визуализация жүйесі және SGRT науқас терісінің бетін оптикалық мониторингілеу жүйесі, дозиметриялық жүйені ерекше атап кетуге болады.
Сондай-ақ оқыңыз

21.09.2023
Shenzhen Mindray Bio-Medical Electronics CO.,LTD компаниясының өкілдерімен кездесу
КӨБІРЕК БІЛУ ҮШІН

06.09.2023
МИТ компаниясы – “Орта Азиялық онкологиялық аурулар аптасының” демеушісі
КӨБІРЕК БІЛУ ҮШІН

14.06.2023
МИТ және Mindray компанияларының іскерлік серіктестігінің жаңа сатысы
КӨБІРЕК БІЛУ ҮШІН