МИТ KIHE-2024 денсаулық сақтау көрмесінде

15-17 мамыр аралығында біздің компания Алматы қаласында өткен KIHE-2024 халықаралық денсаулық сақтау көрмесіне қатысты. Көрмеге дүниежүзінің 17 елінен 300 компания қатысып, медицина және денсаулық сақтау саласындағы танымал әлемдік брендтерді, өзінің жетістіктерін ұсынды.

МИТ стенді біздің республикамыздың ғана емес, көршілес елдердің, атап айтқанда, Өзбекстан мен Қырғызстан мемлекеттерінен қатысушылар мен келушілердің үлкен қызығушылығын тудырды. Онда компанияның қызметтерінің кең ауқымы, «кілтпен» тапсырылған жобалардың портфолиосы, жеткізілетін жабдықтардың каталогтары, компания ұсынатын кешенді инновациялық шешімдер, атап өткенде, медико-технологиялық жобалау, таза бөлмелер кешенін құрастыру, орталықтандырылған газбен қамтамасыз ету жүйелерін жасау бойынша шешімдер ұсынылды.

Стендке келушілер 2019 жылы Семей қаласында ЖМЖА-да жүзеге асырылған гибридті операциялық бөлме бойынша виртуальды турды өту мүмкіндігіне ие болды. Гибридті операциялық бөлме дәстүрлі операциялық бөлменің заманауи визуализация жүйелерімен үйлесімі болып табылады және барынша нәтижелілікпен және қауіпсіздікпен диагностикалау мен емдеуді жүргізуге мүмкіндік береді.

Стендте медициналық модульде компьютерлік томография бөлімшесінің ғимаратының макеті ұсынылды. МИТ жылдам тұрғызылатын модульдік кешендер нарығының жаңашылы болып табылады және компьютерлік томография бөлімшелерінің, эндоскопия бөлімшелерінің, ПТР-зертханаларының, медициналық қалдықтарды зарарсыздандыру бөлімшелерінің ғимараттарына патенттерге ие. Жылдам тұрғызылатын медициналық модульдік кешендер – қалаларда да, шалғай елді мекендерде де бөлмелер мен заманауи құрал-жабдықтар жетіспейтін кезде, ең қысқа мерзімде жоғары сапалы заманауи медициналық көмекті ұйымдастыруға арналған инновациялық шешімдер.

Көрме аясында МИТ компаниясының жеткізу және техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін медициналық жабдықтардың өндірушілерімен – жетекші әріптестерімен кездесу өткізілді. Әрі қарайғы ынтымақтастық шарттары талқыланды.

Біздің компания GE, Elekta, Brainlab, Mindray, United Imaging, Leica, Nihon Kohden және т.б. компанияларының медициналық жабдықтарының дистрибьюторы болып табылады.

Көрме кезінде Қазақстан нарығындағы жаңа компаниялардан әріптестік туралы ұсыныстар түсті.

МИТ компаниясы стендке келген барлық келушілерге қызығушылық танытқандары үшін алғысын білдіреді және KIHE 2024 көрмесіне қатысу денсаулық сақтау саласында инновациялық шешімдерді енгізу үшін жаңа мүмкіндіктерді ашатынына сенімді.