Медико-Инновационные Технологии Қазақстанда Оrfit компаниясының өнімін таныстыруда
«Медико-Инновационные Технологии» компаниясы медициналық мекемелерді «бастан аяқ» жабдықтау саласындағы сарапшы болып табылады. Компания қызметі бағыттарының бірі онкологиялық орталықтарды жабдықтау болып табылады. Біз диагностика мен емдеудің барлық қажетті кезеңдерін ескеруге, барлық өзгешеліктерді көздей отырып, жобаларды орындауға әрқашанда кешенді түрде қараймыз және серіктестерді таңдауға көп көңіл бөлеміз.
Сәулелік терапияға арналған өнімдердің әлемдік өндірушісі Orfit компаниясымен серіктестігіміз осылай басталды. «Медико-Инновационные Технологии» командасы “ORFIT Industries NV” өндірістік алаңына сапармен барып, Қазақстан Республикасының аумағында жабдықты мемлекеттік тіркеу рәсімінен әрі қарай өту үшін зертханалық сынақтар өткізді. Сапар туралы репортажбен осы жерде таныса аласыз.
«ORFIT» өнімі сәулелік терапиядағы үнемі өсіп келе жатқан дәлдік талаптарына сәйкес келеді. Жиырма жылдан астам уақыт бойы Orfit компаниясы радиациялық онкологиядағы пациенттерді иммобилизациялауға арналған жабдықты жеткізуші болып келеді.
Әлемдік нарықты терең зерттеу негізінде компанияның инженерлері мен конструкторлары сәулелік терапия әдістерінің дәлдігін үздіксіз арттыру талаптарына жауап беретін оңтайлы шешімдер әзірледі. Компанияның өнімі – термопластикалық маскалар мен жабдықтар, барлық дәстүрлі радиотерапиялық процедураларды, сонымен қатар IMRT, IGRT, гипофракциялық сәулелік терапия, стереотаксикалық радиотерапия, стереотаксикалық радиохирургия және протондық сәулелік терапиныя, сол сияқты басқа да жоғары энергетикалық терапиялық жүйелерді. Продуктом компании являются термопластические маски и орындау кезінде иммобилизация мен позициялауға арналған жоғары сапалы өнімдердің толық сұрыпталымы.
Бүгінгі таңда осындай жоғары мамандандырылған нарықта басқа бірде-бір компания инновациялық өнімдерге қойылатын талаптардың толық тізімін бірдей дәрежеде орындай алмайды. Orfit Industries компаниясы зерттеу, әзірлеу және өндіру процесін, сапа кепілдігін, маркетинг пен сатуды, сондай-ақ пайдаланушыларды оқытуды толық бақылау арқылы осындай жоғары нәтижеге қол жеткізіп отыр.