Медициналық газбен қамтамасыз ету бағыттарын дамыту

2024 жылы компания медициналық мекемелерді медициналық газбен жабдықтау жүйелерімен жабдықтаудың стратегиялық дамуын жалғастырды. Медициналық газдар бөлімінің қызметі негізгі жобаларды жүзеге асыруға, қауіпсіздік пен сапа стандарттарын арттыруға, сондай-ақ, заманауи технологияларды енгізуге бағытталған.

Жыл ішінде келесі нысандарда медициналық газбен жабдықтау жүйесін орнату, сондай-ақ, қолданыстағы жүйелерді жөндеу және модернизациялау бойынша жұмыстар сәтті аяқталды:

  • «№1 Павлодар қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК, Павлодар қ.;
  • Гематологиялық орталық, Өскемен қ.;
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Жұқпалы аурулар ұлттық ғылыми орталығы, Алматы қ.;
  • «№2 қалалық көпсалалы аурухана» ШЖҚ МҚК, Астана қ.;«№1 көпсалалы қалалық аурухана» ШЖҚ МҚК, Астана қ.

    2024 жылғы маңызды атқарылған жұмыс ретінде UAB «Medical Technologies LBI» (Каунас қ., Литва) компаниясымен серіктестікті кеңейту болып табылады.

Жабдықтардың жетекші өндірушілерімен серіктестік клиенттерге медициналық газбен қамтамасыз ету саласында заманауи және жоғары технологиялық шешімдерді ұсынуға мүмкіндік береді.