Инновациялық Технологиялар – медицинаң заманауи парадигмасы

Заманауи сыни сәттер  «Медико-Инновациялық Технологиялар» компаниясының өз жобаларын іске асырудағы озық технологиялар мен кешенді шешімдерді енгізудегі жүйелі тәсілінің тиімділігін растайдыМихаил Дмитриевич, 2020 жылы бүкіл медициналық әлем – адамдар, технологиялар, шешімдер, құрал-жабдықтар – кәсіби икемділік жағынан қатал сынақтан өтті.14 жылдан астам уақыттан бері қазақстандық нарықта табысты жұмыс істеп келе жатқан «Медико-инновациялық технологиялар»» компаниясына COVID-жағдайлары қандай әсер етті және диагноз қою, емдеу және оңалту жағдайларын жақсарту мақсатындағы компанияның ұсынған шешімдердің қайсысы сұранысқа ие болды?– Шынында да, «Медико-инновациялық технологиялар» компаниясына дайын медициналық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, тәжірибесі мол және әртүрлі бағыт пен қызмет салаларында бірегей кәсіби тәжірибе жинаған командасы бар, және біз осы потенциалымызды қазақстандықтармен коронавирусқа қарсы бірлескен күресімізде тиімді қолдана алдық.Барлық санитарлық-эпидемиялық талаптарға жауап беретін және ауруханаішілік логистика ерекшеліктерін ескеретін біздің медициналық-технологиялық жобалау барысында қолданылатын негізгі тәсілдеріміз – пандемия кезінде жаңа ауруханалар, емханалар, зертханалар мен олардың бөлімшелерін салу және қайта профильдеу барысында сұранысқа ие болды.Сонымен қатар, коронавирустық пандемия жағдайында біздің компанияның «В» және «С» санатындағы медициналық қалдықтарды залалсыздандыру жүйелері мен таза бөлмелер кешендерін құрудағы озық тәжірибесі, ауруханаларды медициналық газдармен, атап айтқанда сұйық оттегімен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге арналған технологиялық тәсіл өзекті болды. Жобалар жүзеге асырылып, ПЦР зертханалары мен компьютерлік томография бөлімдері ашылды. Біз көптеген ауруханаларды қарқынды терапия бөлімшелеріне арналған жабдықтармен, соның ішінде жасанды өкпенің желдеткіш қондырғыларымен (ИВЛ) және мониторлармен қамтамасыз ете алдық.Денсаулық сақтау қажеттіліктері үшін алдын-ала дайындалған модульдік кешендерді қолдану – түбегейлі жаңа және тиімді бағыт болды. Орын алған жағдай шешімдерді жедел қабылдауды қажет еткендіктен, медициналық жабдықтарды және SARSCoV-2 және оның салдарымен күресуге қажет нәрсенің барлығын сатып алу процестері тәртібін оңайлату – біз үшін мемлекет тарапынан үлкен қолдау болды.– Қай жобаңызды әсіресе көрнекі деп санайсыз?– Жоғарыда айтылған шаралардың барлығын бірге қолданып, қысқа мерзімде күрделі жобаның – Алматы қаласындағы 500 төсектік нейропсихиатриялық аурухана ғимаратын инфекциялық аурухананың филиалына айналдыру шараларын орындағанымызды мысал ретінде келтіре аламын. «Медико-инновациялық технологиялар» компаниясы инфекциялық сипатты ескере отырып, медициналық-технологиялық жобалауды қабылдау аймағынан бастап медициналық қалдықтарды залалсыздандыру бөліміне дейін, «қызыл» және «жасыл» аймақ бағыттарына бөліп орындады.Стационарда реанимация бөлімшелері орналастырылып, заманауи жабдықтармен жабдықталды, таза бөлмелер жүйесі ұйымдастырылып, ПТР зертханасы, компьютерлік томография және бронхоскопия бөлімшелері құрылды. Орталықтандырылған жеткізу жүйесінің арқасында науқастар оттегімен қамтамасыз етілді.Мен бұл жобаны сенімді түрде, мемлекеттік органдардың, атап айтқанда – Алматы қаласының әкімдігі мен кәсіби мамандар тобы арасындағы табысты және тиімді ынтымақтастықтың мысалы деп айта аламын. Қазіргі уақытта саны бүкіл Қазақстан бойынша 40-тан асатын, бұған дейінгі атқарылған жобалардың тәжірибесі арқасында біз мұндай шешімдерді жүзеге асыруға дайын болдық.– Михаил Дмитриевич, тағы бір маңызды тақырыпқа тоқталуға рұқсат етсеңіз, әлгінде ауруханаларды жарақтандыру туралы айтқаныңызда айтқан едіңіз. Қазіргі кезде биологиялық қауіпсіздік туралы заң жобасы әзірленгенін білеміз. Медицина саласында бұл заң, басқа жағымен қатар, медициналық қалдықтарды жоюға да қатысты болып келеді. Осы заңның қабылдануымен Қазақстанда не өзгеруі мүмкін деп ойлайсыз?– Біз медициналық қалдықтарды залалсыздандыруға байланысты жағдайды 2009 жылдан-ақ бастап зерттей бастаған едік. Көптеген басқа елдердің заңнамалық базасы, қауіпсіздік талаптары жоғары келетін басқа шетелдік клиникалардың тәжірибесі де сараланған еді.Сонау 2013 жылы біздің компания медициналық қалдықтарды зарасыздандыруға арналған бу стерилизациясын қолданып, ұнтақтау арқылы өткізетін зарарсызандырудың технологиялық шешімін ұсынған еді. Бұл әдісті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да (ДДҰ) ұсынған және БҰҰ тарапынан да, бұл тәсіл медициналық қалдықтарды жоюдың ең тиімдісі ретінде атап көрсетілген, бұл әдіс «В» және «С» сыныпты қалдықтарды эпидемиологиялық тұрғыдан қауіпсіз «А» класына өткізіп, оларды жалпы тәртіппен жоюға мүмкіндік береді.Бүгінгі таңда бұл үлкен маңызға ие болып, біздің технология 28 жобада жүзеге асырылды. Ауруханалардың қолданыстағы ғимараттарына дезинфекция бөлімін орналастырумен қатар, егер мысалы, оны орналастыру – ғимараттардың жетіспеушілігінен мүмкін болмаса немесе күрделі жөндеу жұмыстарын қажет ететін жағдайда, біз заманауи шешімін ұсынып – оларды алдын-ала дайындалған модульдік кешендерге орналастырдық.«Медико-инновациялық технологиялар» компаниясы дезинфекциялық модульдері бар жобаларды Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Талдықорған, Атырау, Қостанай, Павлодар, Жезқазған, Петропавл, Орал, Түркістан, Қызылорда қалаларынының кейбірінде жүзеге асырып, кейбірін аяқтау үстінде.Тағы бір жақсы жаңалығым да бар – біздің компания Алматы қаласындағы он екі клиникасында дезинфекциялық жүйелерді, оның ішінде модульдік шешімдер түрінде де орнатуға келісімшарттар жасасты. Бұл қала тұрғындарының өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде мүмкін болды.Біз қазақстандық мемлекеттік органдармен, әсіресе Денсаулық сақтау министрлігімен және Экология министрлігімен тығыз ынтымақтасу құруға үміттенеміз, бұл үшін бірқатар ұйымдастырушылық және реттеу мәселелері шешілуі керек.– COVID-19 өзінің алдын-ала болжанбайтын сырқат ағымымен және өлімге тез әкелетін қауіпті пневмониямен ерекшеленіп, денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық оттегімен қамтамасыз ету проблемасы айқын көрінді. Сіздің ойыңызша, осы жағдайда қандай шешім аса тиімді болар еді?– Қазіргі кезде Қазақстандағы және шет елдердегі заманауи медициналық мекемелерде сұйық оттегін пайдалануға негізделген орталықтандырылған жүйелер белсенді қолданылады. Сұйық оттегінің болуы ғана дәрігерге оның жоғары мөлшеріне кепілдік береді – 99,5 пайыз. Мұны оттегі баллонын былай қойғанда, бірде-бір концентратор қамтамасыз ете алмайды.«Медико-инновациялық технологиялар» компаниясы «Медициналық газдар» жүйесін құруға арналған кешенді медициналық шешімдерді ұсынады, ол шешімдердің ішіне ішінде сараптама, бағалау, жобалау, персоналды оқыту, жабдықты соңғы периферияға, науқасқа дейін орнату да жатады. Мұндай жүйелер сертификатталған, қолдануға ыңғайлы, сенімді және қауіпсіз, үнемді келеді және ұзақ қызмет етеді.Біз қазіргі кезде – сұйық оттегіні әр төсекке дейін жеткізу технологиясын қолданудың – медицина тұрғысынан ең тиімді, үнемді және дұрыс екендігіне көзіміз жетіп келеді. Бүгіндері біз Индустрия министрлігімен бірлесе отырып, инфрақұрылымы, экономикасы және логистика тұрғысынан мүмкіндігі негізделген Қазақстанның барлық клиникаларын сұйық оттегімен қамтамасыз етуге бағытталған «жол картасын» жасап жатырмыз.– Коронавирустық инфекциямен күресте эпидемияға қарсы қолданылатын шаралардан басқа, оны ПЦРлық диагностикалау проблемалары да алдыңғы қатарға шықты. Сіздің алға тартып отырған ұсыныстарыңыздың ерекшелігі неде?– Біздің компаниямыз зертханаларды жабдықтармен жабдықтап қана қоймай, жұқпалы қауіпсіздікті ескере отырып, оларды орналастырудың қол жетімді мүмкіндіктеріне сәйкес оңтайлы шешімдер жасады. Айтпақшы, жұмысқа қажет барлық нәрсемен толық жабдықталған осындай ПЦР зертханаларының бірін (тәулігіне 1000 сынамаға дейін) компания Шығыс Қазақстан облысындағы «Парыз» қорына сыйға тартты.Медициналық қалдықтарды залалсыздандыру жүйесін қолданған кездегідей, біз алғаш рет ПЦР зертханаларын модульдік кешендер түрінде де ұсындық, бұл оларды ашуға жұмсалатын уақыт пен ақшаны үнемдеуге мүмкіндік берді. Бұл, өзіңіз білетіндей, әсіресе коронавирустық пандемия кезінде мемлекет үшін және оның азаматтары үшін өте маңызды болды.Пандемиямен күресуге барынша назар аударып және оған бар күш-жігерімізді жұмсай отырып, денсаулыққа қатысты басқа да мәселелер бар екенін ұмытпауымыз керек. Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасы аясында біз жақында бірнеше басқа да инновациялық жобаларды жүзеге асырдық.«Медико-инновациялық технологиялар» компаниясы Семей қаласындағы жедел жәрдем ауруханасында гибридті операциялық бөлме құру бойынша бірегей жобаны аяқтады. Көптеген дәрігерлер ем жүргізу барсында кешенді көп сатылы емдеуді жүзеге асыру қажеттілігімен немесе бір пациентте көпсалалы әдісті қажет ететін бірнеше ағзалық мәселелерді бірден шешу қажеттілігімен бетпе-бет келіп жатады. Гибридті операция бөлмесі түріндегі кешенді инновациялық шешім мұндай емдеудің мүмкіншілігін беріп қана қоймай, сонымен қатар шараларды мүмкіндігінше дәл, қауіпсіз және тиімді іске асыруға да мүмкіндік береді.Гибридті операциялық бөлмеде нейрохирургияда, интервенциялық кардиологияда, жалпы хирургияда, травматологияда, гинекологияда және медицинаның басқа да салаларында қолданылатын озық технологиялық жабдықпен жасақталған. Кешен DiscoveryIGS 730 (GE Medical Systems) ангиографиялық жүйесімен, Brainlab нейрохирургиялық навигация жүйесімен, Haag-Streit Surgical (Moller-Wedel) микроскопымен, Karl Storz видеоэндоскопиялық кешенімен және медициналық жабдықтардың әлемдік өндірушілерінің басқа өнім модельдерімен жабдықталған.Барлық жабдықтар өзара интеграцияланған және бір жүйемен басқарыла алады және оларды әр түрлі комбинацияларда қолдануға болады. Пациенттер бір сатылы, қауіпсіз, аз инвазиялық, күрделі хирургиялық емдеуді Қазақстанда баламасы жоқ жаңа операция бөлмесінде алуа алады.Сонымен қатар, Көпсалалы онкология және хирургия орталығында (Өскемен қ.) тағы бір инновациялық шешім қабылданып – магнитті-резонанстық томография (ФУЗ МРТ) бақылауымен фокустық ультрадыбыспен емдеу технологиясы енгізілді. Жатыр миомасын, аденомиозды, простатаның қатерлі ісігін, сүйек метастаздарын және сүйектің алғашқы ісіктерін емдеудің бұл технологиясы ExAblate 2100 InSightec, Ltd (Израиль) инвазивті емес абляцияға арналған инвазивті емес бағытталған ультрадыбыстық жүйені қолдану арқылы жүзеге асырылады.ExAblate InSightec адамдардың өмірін жақсартуға арналған инновациялық шешім ретінде, көптеген марапаттарға ие болған кешен болып табылады. 2011 жылы Time журналы оны 50 инновациялық шешімдер тізіміне қосты. Жүйенің бірегейлігі екі шешімнің үйлесімділігінде жатыр: ультрадыбыстық энергияның платформасы, ол дене ішіндегі ісік тінін қоршаған органдарға зақым келтірмей қыздырады және жояды, және емдеу кезінде нақты уақыт режимінде тіндердің температурасын бақылаумен магнитті-резонансты бейнелеуді іске асырады. Процедура амбулаториялық жағдайда жүргізіледі және органдарды сақтаушы болып табылады. Соңғысы әйелдердің репродуктивті функциясын сақтау үшін маңызды келеді. ФУЗ-МРТ – хирургиялық емнің заманауи баламасы болып келеді; бұл толықтай инвазивті емес, төзуге оңай процедура, қажет болған жағдайда мысалы, ауыратын сүйек метастаздары кезінде бірнеше рет қайталап қолдануға мүмкіндік береді. Пациенттер ем шараларынан келесі күнінде әдеттегі өмір салтына орала алады. ФУЗ-МРТ технологиясы, іс жүзінде хирургияның жаңа түрін – жаңа емдеу парадигмасын түзіп отыр.– Қазіргі уақытта Қазақстан медициналық салада ең озық және жоғары технологиялық шешімдерді қолданады. Дегенмен денсаулық сақтау жүйесіндегі жаңашылдық деңгейі онша жоғары емес шығар. Бірегей құрал-жабдықтар тек елордада ғана емес, медициналық мекемелерде де көбірек табылуы үшін және медициналық көмек жақсарып, қол жетімді болуы үшін қандай қадамдар жасау керек деп ойлайсыз?– Біз жасап жатқан жұмыстар мыңдаған қазақстандықтардың өмірін сақтауға және денсаулығын сақтауға үлес қосқанына сенімдімін. Бұл көбінесе, жаңа буындық заманауи жабдықтарының арқасында мүмкін болды. Әрине, біз Қазақстанда бірегей, жоғары технологиялық жабдықтардың медицинада жылдам енгізілгенін қалаймыз және бұл үшін барлық алғышарттар бар.Атап айтқанда, біздің компанияда әлемнің жетекші өндірушілерінің жасап шығарған нейрохирургия, офтальмология және жақ-бет хирургиясына арналған әмбебап жоғары технологиялық жабдықтары бар. Жабдықтың айрықша ерекшелігі – пайдаланушының жеке операцияларға да, жоғары технологиялық араласулардың барлық кешеніне де қажеттіліктерін ескере отырып, модульдік тәсілді қолдану мүмкіндігін беретіндігі болып табылады.BRAINLAB навигациялық жүйелері – бұл нақты пациенттің нейрохирургиялық еміне максималды дәл және епті тәсілді қолдану мүмкіндігі. Жүйе бейнелеудің барлық мүмкін көздерін біріктіреді: ми және жұлынға хирургиялық араласуды қауіпсіз және тиімді жоспарлау, бақылау және жақ-бет хирургиясына арналған операциялық микроскоп, эндоскоп, УЗИ, рентген, КТ және басқа диагностикалық операция алдындағы және интраоперациялық зерттеулерді жүргізуге көмектеседі. Жүйе гибридті операциялық бөлмелерде тиімді қолданылады (Семей қ. БСМП).Әр түрлі навигациялық платформалардың болуы клиникаға өз бюджетіне сәйкес кешенді таңдауға мүмкіндік береді. 2020 жылы CURVE навигациялық жүйе Алматыдағы No2 балалар қалалық клиникалық ауруханасының нейрохирургиялық операция бөлмесінде орнатылды.Біздің компанияның қазақстандықтарға инновациялық медициналық шешімдер ұсынуға деген ұмтылысын General Electric (GE) ультрадыбыстық диагностика саласында да қолдайды. Инновациялық акустикалық архитектура және 3D / 4D диагностикалық мүмкіндіктері бар және зерттеудің ақпараттық мазмұнын 170 пайызға арттыратын жоғары дәлдіктегі минималды инвазивті интервенцияларды орындауға арналған көлемді навигация – бұл қазіргі заманғы құрылғыларда қолданылатын технологиялардың аз ғана бөлігі болып табылады.Бүгінгі күні УЗИ ұрықтың денсаулығын дамудың бастапқы кезеңінен бастап бағалаудың керемет сапасын қамтамасыз етеді. Дәрігерлік амбулаториялардан бастап, гибридті жетілдірілген операциялық бөлмелерге дейін ультрадыбыстық жүйелер орнатылып, пациенттерге ең сапалы ультрадыбыстық диагностиканы қолжетімді етті.Инновациялық технологиялар мен озық жабдықтарды енгізу – қазіргі кезде сыртқы мотиватор рөлін атқарып, дәрігерді өз жұмысын жоғары деңгейде атқаруға, өзінің жеке шеберлігі мен біліктілігін көрсетуге ынталандырады деп санаймын.Инновациялық технологияларды енгізу дәрігерлерден үнемі кәсіби дамуды талап етеді. Біздің компания оқытуға үлкен мән береді, жобаларды іске асыру шеңберінде дәрігерлер мен техникалық персоналды міндетті түрде оқудан өтеді. Сонымен қатар, бізде симуляциялық орталықтар құру тәжірибесі де бар және болашақта осы бағытты дамытуды жоспарлап отырмыз. Көптеген елдердің тәжірибесі көрсеткендей, бұндай симуляциялық орталықтар дәрігерлердің кәсібилігін сарапшылар деңгейіне дейін көтеруге мүмкіндік береді.Мен әртүрлі алаңдарда тәжірибе мен білім алмасу мүмкіндігін дәрігерлердің кәсіби деңгейін дамытудың маңызды бағыты деп санаймын. Осыған байланысты біздің компания кәсіби конференцияларға, медициналық конгресстерге және басқа да іс-шараларға үнемі қолдау көрсетеді. Ағымдағы жылы, пандемияға байланысты жағдайды ескере отырып, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты мен Қазақстанның онкологтар қауымдастығы «Қазақстанның онкологиясы. Кеше, бүгін, ертең» халықаралық конференциясын онлайн форматта сәтті өткізді.Біз маңызды шараны қолдай алғанымызға қуаныштымыз– Михаил Дмитриевич, жақында сіздің американдық кітапханалардың біріне қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қазақстандық авторлардың 400 кітабын сыйға тартқаныңызды естідік. Бұқаралық ақпарат құралдары бұл жобаны Қазақстанның Сан-Францискодағы Бас консулдығы «Отандастар» қорының көмегімен және Стэнфорд университетінің профессоры Алма Құнанбаеваның қатысуымен жүзеге асырды деп жазды. Бұл оқиға туралы толығырақ айтып берсеңіз, бұл сіз үшін және сіздің отбасыңыз үшін нені білдіреді?– Барлық заманауи шешімдер іргелі зерттеулер, білім, дәстүрлер негізінде туады. Тарихсыз болашақ та болмайды.Ия, коронавирус шекаралары жауып, елдерді бөліп, қарым-қатынастарды тек қоңыраулар мен хаттар деңгейінде жасауға ғана мүмкіндік қалдырып, бүкіл қарым-қатынасымызды «электронды» етті. Біз өзіміздің түп-тамырымыздың қаншалықты маңызды екенін сезініп, біз үшін күш-қуат жинайтын ерекше жерлеріміз бен кітаптар, дәстүрлі қағаз түріндегі жазбалар – таза энергияның, руханияттың қайнар көзіне айналды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде біздің отбасымыз Украинадан Қазақстанға, Алматы облысының Қарабұлақ ауылына көшірілген еді.Біз және өзіміз сияқты бәрінен айырылған, аш және қорқыныш билеген мыңдаған босқындарды, жомарт қазақ жері және осында өмір сүріп, жұмыс істеген адамдар құтқарды. Менің туыстарым айтпақшы, төрт жыл бойы қарапайым қазақ отбасымен бірге тұрды, олар бізбен өз үйін, тамағын, бәрін бөліскен еді. Кейін менің анам Алматыдағы медициналық университетті бітіріп, ал нағашым Политехте термофизика кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істеп те үлгерді.Бізге көрсеткен қазақ халқының жылы, жақын қарым-қатынасы отбасымыздың жадында мәңгі сақталды. Сондықтан мен АҚШ-тың Батыс жағалауының негізгі кітап қоймаларының бірінде – Сан-Францисконың Бұқаралық кітапханасында қазақ әдебиеті бөлімінің ашылуына қатысқандығымды –  бүкіл қазақ халқына көрсеткен құрметім деп санаймын.Абай, Шоқан Уәлиханов, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов сияқты қазақ ақындарының, прозаиктері мен ғалымдарының 400 кітап шығармаларының берілуі оқырмандарға қазақтың ұлы жазушылары мен ойшылдарын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде зерттеуге мүмкіндік берді. Мен өз тарапымнан тағы да, Қазақстанның Сан-Францискодағы Бас консулдығының қызметкерлеріне, «Отандастар» қорының, Стэнфорд университетінің өкілдеріне американдық-қазақстандық дипломатиялық және ғылыми қатынастар үшін маңызды және ерекше оқиғаға қатысуға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіргім келеді.Жыл аяқталады. Әрине, бұл жыл оңай болған жоқ, бірақ бұл жыл бізге отбасылық құндылықтардың, достықтың, өзара түсіністіктің, қолдаудың, жауапкершіліктің маңыздылығын көрсетті. Жаңа жылда мен барлығына денсаулық, бақ-береке және оптимизм тілегім келеді. СұхбатЖанар Қасымова