Халықаралық нейрохирургиялық конгресс 2025: MIT компаниясының Қазақстандағы нейрохирургияның дамуына қосқан үлесі
2025 жылғы 10–11 қазан күндері Алматы қаласында нейрохирургия саласындағы маңызды кәсіби оқиғалардың бірі — «Нейрохирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық нейрохирургиялық конгресс пен Қазақстан нейрохирургтерінің VI съезі өтті. Іс-шара нейрохирургия саласындағы тәжірибе алмасу және заманауи технологияларды талқылау мақсатында жетекші мамандарды, ғалымдарды, клиницисттерді және медициналық индустрия өкілдерін біріктірді.
Ұйымдастырушылар:
– С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің нейрохирургия кафедрасы,
– Қазақстан нейрохирургтар қауымдастығы (ҚНҚ),
– №7 қалалық клиникалық аурухана (ҚКА №7).
«Медико-Инновационные Технологии» (MIT) компаниясы Конгрестің демеушісі болып, Қазақстан Республикасындағы заманауи нейрохирургияның дамуын қолдады.
МIT — нейронавигация, сандық хирургия және визуализация саласында әлемдік көшбасшылар болып табылатын Brainlab және Leica Microsystems компанияларының эксклюзивті дистрибьюторы болып табылады.
Елдің жетекші медициналық мекемелерімен стратегиялық әріптестіктің арқасында MIT инновациялық технологияларды енгізуге, нейрохирургиялық араласулардың дәлдігі мен қауіпсіздігін арттыруға, сондай-ақ кәсіби қауымдастықты нығайтуға өз үлесін қосып келеді.








