Денсаулық үшін бірлескен ынтымақтастық: МИТ компаниясы ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық қызметін 95 жылдығымен құттықтайды
2025 жылғы 10–11 қараша күндері Астана қаласындағы Президенттік орталықта Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы медициналық қызметінің 95 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
МИТ компаниясы еліміздің медициналық қауымдастығы үшін маңызды шараны қолдап, демеуші ретінде қатысты.
Конференция барысында Қазақстанның жетекші мамандары мен шетелдік сарапшылар денсаулық сақтау жүйесін дамыту, инновациялық технологияларды енгізу және медициналық көмектің сапасын арттыру мәселелерін талқылады.
Шара аясында медициналық жабдықтардың көрмесі ұйымдастырылып, онда МИТ компаниясы Mindray (Қытай) өндірушісінің TEX 20 диагностикалық ультрадыбыстық жүйесін ұсынды. Бұл жүйе жоғары сапалы кескін мен кеңейтілген диагностикалық мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін ZCT+ инновациялық технологиясымен ерекшеленеді.
МИТ компаниясы Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы медициналық қызметімен көпжылдық ынтымақтастық барысында елдің медициналық инфрақұрылымын дамыту мен медициналық ұйымдарды жабдықтау ісіне елеулі үлес қосты:
• 2010 жыл — ҚР ПІБ МО-ң «Алматы» шипажайын жабдықтау;
• 2014 жыл — ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханасын заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету;
• 2018 жыл — роботтандырылған хирургия және сандық лапароскопия бойынша халықаралық референстік және тренинг орталығын (Астана қ.) құру;
Аталған орталық роботтандырылған хирургия саласында жоғары деңгейлі мамандар мен жаттықтырушыларды даярлауға, робот көмегімен жүргізілетін операцияларды Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіне енгізуге бағытталған.
Орталық TransEnterix Italy S.r.l. (Италия) компаниясының Senhance инновациялық хирургиялық роботтық жүйесімен жабдықталған;
• 2022 жыл — Астана қаласындағы ҚР ПІБ МО-ң ауруханасының 200 төсектік стационарлық-емдеу корпусын жабдықтау.
МИТ компаниясы Қазақстанның медициналық ұйымдарымен әріптестік қатынастарды одан әрі дамытып, тиімділігі мен сапасы жоғары медициналық көмекті қамтамасыз етуге бағытталған озық технологиялар мен шешімдерді енгізуді жалғастыруда.
МИТ компаниясының ұжымы Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы медициналық қызметін 95 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтайды!








