BOWA компаниясының достары мен серіктестерінің Ыстамбұлдық сессиясы

Біздің компанияның мамандары 2024 жылдың 22 сәуірі мен 26 сәуірі аралығында Ыстамбұлда өтетін BOWA компаниясының достары мен серіктестерінің ІІ Ыстамбұлдық сессиясына қатысады. Бұл айтулы оқиға бүкіл әлемдегі медицина мамандарының назарын аударып, оларды саланың негізгі мәселелері мен міндеттерін талқылау үшін біріктірді.

Құттықтау сөзін BOWA Medical бас атқарушы директоры Мартин Хайнрих сөйледі, ол қазіргі кездегі жергілікті – аймақтық – жаһандық болып келетін BOWA стратегиясының аясында компания жаңалықтарымен бөлісті. Сессияда BOWA инновациялық технологиялары мен  өнімдерінің тұсаукесеріне, сондай-ақ, қатысушылар арасында озық тәжірибе алмасуға ерекше көңіл бөлінді. Компания 4K ICG хирургиялық эндоскопияға арналған жаңа бейнежүйені ұсынды. BOWA Medical негізінен хирургиялық электр жабдықтары мен медициналық эндоскопия саласында маманданған. Біздің компания BOWA жабдығын бұрын көптеген «кілтпен» дайын жобаларда қолданды және жаңа жобаларды жүзеге асыруда табысты ынтымақтастықты жалғастыруда.

Конференция бағдарламасында сонымен қатар МИТ серіктесі болып табылатын ASENSUS SURGICAL компаниясының презентациясы бар. Біздің компаниялар Өскемен мен Астанада роботтандырылған хирургия орталықтарын, сондай-ақ Астанада «Роботтандырылған хирургия және сандық лапароскопия бойынша халықаралық референттік-оқу орталығын» құру жобаларын бірлесіп жүзеге асырды. ASENSUS SURGICAL бас директоры Воутер Дондерс ТМД және Ресей аймақтарындағы ынтымақтастық туралы айтып берді, сонымен қатар дүние жүзіндегі клиникаларда сәтті орнату тәжірибесімен бөлісті.