Біздің компания ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап Ян Менье дүниежүзілік денсаулық сақтау бойынша сарапшы біздің команданың мүшесі екендігімен мақтан етеді.

Біздің компания ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап Ян Менье (Yann A. Meunier) дүниежүзілік денсаулық сақтау бойынша сарапшы біздің команданың мүшесі екендігімен мақтан етеді.

Ян Менье HealthConnect International, LLC (CEO, HealthConnect International, LLC) Бас директоры болып табылады.

Біздің компания доктор Меньемен коронавирусты инфекциясын емдеу, патологиялық жағдайлары бар жүкті әйелдерді бақылау бойынша Қазақстан дәрігерлері үшін Дж. Хопкинс және Стэнфорд университеттерінің ауруханаларымен халықаралық онлайн вебинарларды ұйымдастыру кезінде бірлесіп, жұмыс істеген болатын.

Біз әрі қарай бірлескен, жемісті жұмыс болатындығына сеніммен қараймыз.

Доктор Ян Менье денсаулық сақтау саласында халықаралық деңгейдегі маман және медициналық қызметтерді ұсыну, зерттеу және бизнес сияқты салаларды пионер болып келеді.

Оның келесі мамандықтары бар: ECFMG сертификаты, ішкі аурулар медицинасы бойынша Гарвард университеті және коммуникациялар бойынша Стэнфорд университетінің екі сертификаты.

Доктор Менье Стэнфорд университетінде денсаулықты нығайту және алдын алу медицинасы үшін құралды жасап шығарып, енгізді. АИТВ/ЖИТС, тропикалық, жүрек-қан тамырлары, гематологиялық және респираторлық ауруларды емдеудің жаңа әдістерінің клиникалық сынақтарына жетекшілік етті және қатысты. Ол Калифорниядағы Пало-Альто қаласындағы Стэнфорд ауруханасы мен емханалардың халықаралық корпоративтік қатынастар және бизнесті дамыту жөніндегі директоры болды. Ол сонымен қатар өзінің денсаулық сақтау консалтингтік компаниясын ашты және қазіргі уақытта Калифорния штатындағы Фостер-Ситиде денсаулық сақтау бойынша аға кеңесші болып табылады.

АҚШ медицина институтының Денсаулықты нығайту және аурулардың алдын алу бөлімінің тізіміне енгізілген (атақты адамдар, қоғамдық қайраткерлер).

– LinkedIn profile: https://www.linkedin.com/in/yann-meunier-1b50b01/

– Website: https://ymeuniermd.wixsite.com/website

– Skype ID: live:ymeuniermd / WhatsApp / FaceTime / Zoom