«Ауыр жағдайлар медицинасында Nihon Kohden технологиялары» тәжірибелік тренингісі

2024 жылдың 04-05 маусымында «Radisson Astana» қонақ үйінде «Ауыр жағдайлар медицинасында Nihon Kohden технологиялары» атты тәжірибелік тренинг өтті.

Іс-шара Nihon Kohden дистрибьюторлары үшін ұйымдастырылды және компанияның озық технологиялары мен жабдықтарының көрсетілімін қамтыды.

Тренингтің негізгі тақырыптары анестезия кезінде науқастың мониторингін қамтыды, онда науқастың өмірлік маңызды көрсеткіштерін бақылау технологиялары, Nihon жабдығының негізгі сипаттамалары мен артықшылықтары және оларды пайдалану ерекшеліктері қарастырылды.
Шара барысында жаңа өнім – AWS-S200 бейнеларингоскопының тұсауы кесілді, ол қиын жағдайда да тыныс алу жолдарын тиімді интубациялауға арналған инновациялық құрылғы ретінде сипатталды. AWS-S200 қолданған кезде интубация уақыты 22,9 секундты құрайды, ұсынылған шек 30 секундтан әлдеқайда төмен.

МИТ компаниясы Nihon Kohden компаниясының Қазақстан Республикасындағы эксклюзивті дистрибьюторы болып табылады.
Медициналық жабдықты сатып алуға қатысты сұрақтар бойынша Алматы және Астана кеңселеріне хабарласыңыз. Біз сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап беруге қуаныштымыз.

Каталог