«Астана Опера» әртістері үшін оңалту кабинетінің ашылуы

27 желтоқсан «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамдастығында заманауи физиотерапиялық құрылғысымен жабдықталған оңалту кабинеті ашылды.

Жоба BTL Industries (Ұлыбритания) компаниясынан кәсіби құрылғысын жеткізген МИТ компаниясының қатысуымен жүзеге асырылды. Құрылғы театр әртістерінің физикалық жағдайын алдын алу және емдеуге арналған, сондай-ақ жақсартуға арналған.

Оңалту кабинеті келесі аппараттармен жабдықталған:

  • BTL-6000 TR-Therapy Elite бағытталған контактылы диатермия үшін;
  • BTL-6000 Lymphastim 12 TOPLINE прессотерапия аппараты;
  • BTL-6000 RSWT Elite радиальды соқпалы-толқынды терапия үшін;
  • BTL-6000 Super Inductive System Elite жоғары қарқынды магнитотерапия үшін;
  • BTL-6000 High Intensity Laser 20W роботтандырылған жоғары қарқынды лазерлік терапия үшін;
  • BTL-4000 Smart физиотерапиялық аппараты.

Бұл жабдықтар әртістерге қарқынды дайындықтардан, спектакльдерден, жарақаттардан кейін қалпына келтірудің тиімді процедураларынан өтуге, дене дайындығы мен денсаулығының жоғары деңгейін сақтауға мүмкіндік береді.

Біздің компания отандық классикалық өнердің әртістеріне зор денсаулық пен шығармашылық табыс тілейді.