Заманауи диагностика: Mindray TE Air Астанада

«Медико-Инновационые Технологии» компаниясы Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы үшін Mindray компаниясының TE Air E5M сымсыз ультрадыбыстық сызықтық-конвексті датчигін жеткізу жобасын сәтті жүзеге асырды.

Бұл жеткізілім Кардиохирургия орталығының материалдық-техникалық базасын нығайтудағы маңызды қадам болып табылады.  Жаңа жабдық орталықтың диагностикалық мүмкіндіктерін кеңейтіп, ультрадыбыстық зерттеулердің жоғары визуализация сапасы мен дәлдігін қамтамасыз етеді.

Mindray TE Air жүйесіAndroid және iOS платформаларындағы смартфондар мен планшеттермен үйлесімді сымсыз ультрадыбыстық жүйе. Көпфункционалды датчик науқас төсегінің жанында тікелей қолдануға арналған және қан тамырларын, жұмсақ тіндерді, қалқанша безді, тірек-қимыл аппаратын, сүт безін, урология және құрсақ қуысы ағзаларын ультрадыбыстық зерттеу үшін қолайлы. Кіріктірілген құралдардың көмегімен нақты өлшемдерді жылдам орындауға болады.

Сымсыз ультрадыбыстық жүйені енгізу диагностиканың жылдамдығы мен тиімділігін арттырады, медициналық қызметкерлердің жұмысын жеңілдетеді және Кардиохирургия орталығындағы науқастарға медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға ықпал етеді.