Алматы қаласындағы 500 орындық ковидтік госпиталь

«Медициналық-Инновациялық Технологиялар» ЖШС Бас директоры Захаров Игорь Сократович Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевқа Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ғимаратын 500 төсек-орынға арналған бірінші эшелондағы инфекциялық стационарға қайта бейіндеу жөніндегі жобалық шешімді таныстырды.
Медициналық-технологиялық жобалау тобының қызметкерлері медициналық логистиканы сақтауды ескере отырып, эскиздік жоспарлау шешімдері бойынша ұсынымдар беру жағынан ТХ (технологиялық шешімдер) жобасының бөлімін орындады, сондай-ақ медициналық, зертханалық және технологиялық жабдықты қосу үшін инженерлік коммуникацияларды орналастыру схемаларын әзірледі.
Жаңа ковидтік госпиталь барлық қажетті заманауи жабдықтармен және медициналық газбен жабдықтау жүйесімен қамтамасыз етілді.
Стационарды қайта бейіндеу Алматы қаласында COVID-19-бен күресу үшін төсек қорын кеңейту қажеттілігімен байланысты.