А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығындағы жаңа операциялық бөлмелердің есігі салтанатты түрде ашылды
06 маусым күні «А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ-да екі операциялық бөлменің салтанатты ашылуы өтті.
А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында 80 жылға жуық хирургияның барлық бағыттары бойынша озық әлемдік тәжірибеге негізделген ең күрделі араласулар жасалады. Орталық еліміздің жетекші хирург мамандарының бірнеше ұрпағы үшін алма-матер болып табылады.
А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының басқарма төрағасы, профессор, академик Б.Б. Баймаханов операциялық бөлменің есігін аша отырып, операциялық бөлмелердің жөндеу және жабдықтау бойынша тегін көмек көрсеткені үшін МИТ компаниясына алғысын білдірді, сондай-ақ, ғылыми орталықтың жоспарларымен бөлісті. «Медико-Инновационные Технологии» компаниясының Бақылау кеңесінің төрағасы М.Д. Гутерман бұл жобаны Қазақстанның жетекші хирургиялық орталығында жүзеге асыру мүмкіндігі МИТ үшін жоғары мәртебе екенін атап өтті.
Жоба аясында біздің компания бірыңғай операцияға дейінгі кабинетпен біріктірілген екі операциялық бөлмеде жөндеу жұмыстарын жүргізді. Біз операциялық бөлменің біреуін әлемнің жетекші өндірушісі, серіктесіміз Mindray Bio-Medical Electronics (Қытай) компаниясының заманауи жабдықтарымен жабдықтадық.
Жабдықталған құрылғылардың арасында операциялық үстел, жарықдиодты хирургиялық шам, анестезия жүйесінің соңғы үлгісі, мониторлар, медициналық газдарды таратуға арналған консоль, инфузиялық сорғы және дефибриллятор бар.
Медициналық жабдықты жасауда қолданылатын озық әзірлемелер хирургиялық емдеу мүмкіндіктерін кеңейтеді және процедуралардың қауіпсіздігін арттырады. Жабдықтың эргономикасының арқасында операциялық бөлмелердегі персоналдың жұмыс жағдайы жақсарады.
Шара аясында медициналық құрал-жабдықтарды өндіруші – Mindray компаниясының өкілдерімен құрал-жабдықтардың мүмкіндіктерін көрсетумен workshop өтті.
Жаңа операциялық бөлмелерде ағзалар мен тіндерді трансплантациялауды өткізу жоспарлануда. А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы сонау 1978 жылы оның мамандарымен Қазақстан мен Орталық Азияда алғаш рет бүйрек, кейінірек бауыр мен басқа да мүшелерді ауыстыру операциясын жасағанымен танымал.
Біздің орталыққа жасалған сыйлығымыз күрделі жоғары технологиялық операцияларды қажет ететін көптеген науқастарға пайдасын тигізіп, оларға ұзақ жылдар бойы толыққанды өмір сыйлайды және орталықтың дәрігерлері мен медбикелеріне тамаша жұмыс жағдайлары жасалады деп сенеміз.