Nihon Kohden (Жапония) компаниясынан EEG-1200J/K электроэнцефалографының жаңа мүмкіндіктері

Медико-Инновационные Технологии компаниясы KIHE 2023 халықаралық “Денсаулық сақтау” көрмесіне қатысты.

Көрме аясында, МИТ компаниясы «Эпилепсияның нәтижелі диагностикасы – қазіргі заманғы неврологтың басты мақсаты» тақырыбына семинар ұйымдастырушысының құрметті рөлін алды.

Баяндамашы болып Shashkin Clinic емханасының функциональды нейрохирургы, медицина ғылымдарының кандидаты Ч.С. Шашкин болды. Шашкин мырза заманауи әдістер мен тәсілдерді ерекше назар аударып, эпилепсияны диагностикалау саласында өзінің құнды білімімен және тәжірибесімен бөлісті.

Семинардың маңызды бөлігі Nihon Kohden (Жапония) компаниясымен өндірілген EEG-1200J/K алдыңғы қатарлы энцефалографының презентациясы болып табылады.

Семинардың қатысушылары эпилепсияны диагностикалаудың нәтижелілігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік беретін осы жабдықтың инновациялық мүмкіндіктерімен танысуға мүмкіндік алды.

Медико-Инновационные Технологии компаниясы Nihon Kohden компаниясының Қазақстан Республикасындағы эксклюзивті дистрибьюторы екендігін атап кеткен жөн.