Эпилепсияны диагностикалау және емдеу заманауи мүмкіндіктері

9-10 қараша 2023 жылы МИТ компаниясы Шымкент қаласында эпилепсия туралы хабардар ету айлығы аясында өткізілген «Пәнаралық неврология» атты жыл сайынғы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында қатысты.

Эпилепсия шамамен 50 млн. адам зардап шегетін дүниежүзінде ең таралған неврологиялық аурулардың бірі. Конференция қатысушыларының баяндамаларында бүгінгі таңда ҚР-да фармакорезистентті эпилепсиямен ауыратын адам саны 9700 екендігі айтылды.

Ауруды емдеуде маңызды болып мұқият диагностикалау табылады. Эпилепсияның хирургиясы бойынша секциялар аясында, фармакорезистентті түрі үшін өзекті болып келетін сарапшы класындағы аппаратты – EEG-1200J/K NIHON KOHDEN (Жапония) электроэнцефалографын қолданумен эпилепсияның хирургияға дейінгі диагностика бойынша мастер-класс өткізілді. Мастер-класс барысында жабдықта жұмыс жасау ерекшеліктері, оның мүмкіндіктері, сонымен бірге, хирургиялық емдеуден кейін науқастың күйін мониторингілеу үшін қолдану көрсетілді.

Эпилепсияның хирургиясы бойынша секция Халықаралық дипломнан кейінгі білім беру институтының нейрохирургия және неврология кафедрасының меңгерушісі және «ShashkinClinic» емханасының директоры Ч.С. Шашкиннің басшылығымен Н.И.Пирогов ат. Ұлттық медико-хирургиялық орталығының нейрохирургия орталығының және кафедрасының меңгерушісі А.А. Зуевпен бірлесіп, өтті.

Көрме аясында BRAINLAB (Германия) компаниясынан фармакорезистентті эпилепсияны хирургиялық емдеу үшін шешімдер ұсынылды.  Толық ақпарат сілтеме бойынша: https://www.brainlab.com/surgery-products/fsn-hubpage/epilepsy-solutions/

Біздің компания 10 жылдан астам Қазақстан Республикасындағы NIHON KOHDEN эксклюзивті дистрибьюторы, елімізде BRAINLAB компаниясының эксклюзивті дистрибьюторы болып келеді.

Brainlab функциональды нейрохирургия үшін Elekta, Inomed, Integra , Boston Scientfic үшін стереотаксикалық шешімдердің уәкілетті дистрибьюторы болып табылады.