Shenzhen Mindray Bio-Medical Electronics CO.,LTD компаниясының өкілдерімен кездесу
Бүгін Медико-Инновационные Технологии компаниясының кеңсесінде дүниежүзілік сату каналдарын дамыту және басқару департаментінің аға директоры Simon Rao мырза бастаған Shenzhen Mindray Bio-Medical Electronics CO.,LTD компаниясының делегациясымен компаниямыздың басшыларының кездесуі өтті.
Mindray медициналық жабдықты өндіруде және интеграцияланған IT шешімдерді ұсынуда дүниежүзілік көшбасшы болып келеді.
Кездесу барысында жаңа жобаларды жүзеге асыру, медициналық жабдықтарды және кешенді шешімдерді жеткізу, сонымен қатар, халықаралық медициналық конференциялар мен мамандар мен сервистік инженерлерді оқыту бағдарламалары саласында әріптестіктің негізгі аспектілері талқыланды.
Тараптар сапалы жаңа деңгейге, әрі қарай ұзақ мерзімді әріптестікті нығайтуға және кеңейтуге сенім білдірді.