8 GE Revolution Maxima компьютерлік томографын жеткізу
«Медико-Инновационные Технологии» (МИТ) ЖШС GE HealthCare (GE Hangwei Medical Systems Co., Ltd, Қытай) компаниясы шығарған 8 GE Revolution Maxima компьютерлік томографын Қазақстандағы медициналық ұйымдарға «2023-2027 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында қатерлі ісікпен күрес жөніндегі кешенді жоспарын» жүзеге асыру аясында жеткізуді аяқтады.
Заманауи, жоғары дәлдіктегі КТ жүйелері келесі медициналық мекемелерге жедел жеткізіліп, орнатылды:
• «Қарағанды қаласының №3 көпсалалы ауруханасы», Қарағанды, Қарағанды облысы
• «Жамбыл облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығы», Тараз, Жамбыл облысы
• «Қызылорда облыстық онкология орталығы», Қызылорда облысы, Қызылорда
• «Облыстық балалар көпсалалы ауруханасы» Батыс Қазақстан облысы, Орал қ.
• «Ядролық медицина және онкология орталығы», Абай облысы, Семей қ.
• «Онкология орталығы бар қалалық көпсалалы аурухана», Шымкент қ.
• «Қалалық балалар клиникалық ауруханасы», Шымкент қ.
• «Көпсалалы облыстық ауруханасы», Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ.
GE Revolution Maxima – науқастарды жолдаудан бастап қорытынды есепке дейінгі жұмыс процесінің әрбір кезеңін оңтайландыруға арналған жоғары өнімді, сенімді КТ жүйесі.







