МИТ және Mindray компанияларының іскерлік серіктестігінің жаңа сатысы

Ұзақ мерзімді іскерлік серіктестік аясында, МИТ компаниясының мамандары Қытай мемлекетінде орналасқан Mindray медициналық жабдықтардың жетекші өндірушісінің зауыттарына барды.

Біздің мамандар Mindray компаниясымен соңғы жасап шығарылған өнімдерімен және алдыңғы қатарлы технологияларымен, сонымен қатар, шұғыл көмек саласында кешенді шешімдермен, жансақтау және қарқынды терапия, кардио жансақтау, аз инвазивті хирургия, медициналық визуализация және зертхана, сонымен бірге, операциялық залдар үшін жабдықтармен Отанына барып, танысты.

Mindray компаниясы, жоғары деңгейдегі кәсібилік пен өндірістегі инновациялық тәсілдердің арқасында, медициналық құрал-жабдықтардың әлемдік жетекші өндірушілерінің бірі ретінде өзінің жоғары мәртебесін тағы бір рет көрсетті. Зауыттарға бару МИТ мамандарына Mindray өнімдерін өндірудің әлеуетін, технологиясын және жоғары стандарттарын жақсырақ түсінуге мүмкіндік берді.

Сапар барысында Қазақстан мен Өзбекстан нарықтарына медициналық құрал-жабдықтарды жеткізу саласындағы одан әрі стратегиялық серіктестіктің мүмкіндіктері мен жекелеген аспектілері талқыланды.

Біздің компания Қытайға сапар кезінде қонақжайлылық пен сындарлы пікірталас үшін Mindray командасына үлкен алғысын білдіреді.