Қазақстан Республикасының президенті роботтандырылған хирургияның халықаралық референстік және оқыту орталығына барды
“Медико-Инновациялық Технологиялар” компаниясы Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық oрталығының ауруханасы базасында біздің компаниямен құрылған роботтандырылған хирургияның халықаралық референстік және оқыту орталығының ашылуын хабарлайды. (ҚР ПІС Медициналық орталығының ауруханасының ресми сайтының деректері бойынша )
Посткеңестік кеңістікте алғаш рет әлемдік медициналық практикадағы жаңа бағыт – робот көмегімен жасалатын хирургияны дамытудың барлық мүмкіндіктерін өзіне үйлестіретін жоба құрылды: бұл практикалық медицина, мамандарды дайындау және олардың біліктілігін арттыру, клиникалық сынақтар мен ғылыми әзірлемелер. Роботталған хирургия орталығы Қазақстанның медициналық ғылымын жаңа серпінді деңгейге шығарады.
Роботтандырылған хирургия орталығы қазақстандық медицина ғылымын жаңа, прогрессивті деңгейге жеткізеді.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар басқа да мемлекеттердің медицинасындағы жаңа бағытты кешенді дамытуға мүмкіндік беретін ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының бірегей клиникалық бөлімшелерін көрсетті.
Жаңа роботталған технологияны әлемде алғашқылардың бірі болып пайдалануды атақты уролог – доктор Давид Самади бастады. Америкалық мәртебелі хирург жеті мыңнан астам операция жасады, қазір Transenterix компаниясының Senhance жаңа жүйесін Аурухана дәрігерлеріне меңгеруге көмектесіп, консультация беруде.” (Дерек. Официальный сайт Больницы Медицинского Центра УДП РК)