MИT жемісті ынтымақтастық үшін беделді Linet марапатын алды

Біздің компаниямыз – «Медициналық-инновациялық технологиялар» ЖШС көптеген жылдар бойы медициналық төсектерді әлемдегі озық жеткізуші «LINET» компаниясымен табысты ынтымақтасып келеді. 

2020 жылдың қаңтарында компаниямыз көпжылдық әрі жемісті ынтымақтастығы үшін серіктесіміздің беделді марапатына ие болды.

«Медициналық-инновациялық технологиялар» компаниясы жұмыс істеген жылдары ірі медициналық орталықтар мен республикалық маңызы бар медициналық мекемелерді Linet жабдығымен жарақтандырды.

Біз Linet жабдықтарының жоғары сапасына және өндірушінің инновациялық тәсіліне, өнімді дамытуға және жетілдіруге деген ұмтылысына көз жеткіздік.

Алдағы уақытта ел көлемінде медициналық жәрдем көрсету сапасының стандарттарын жақсартуға көмектесетін бірлескен табысты жобаларды бірігіп атқарамыз деп үміттенеміз.