«Медико – Инновациялық Технологиялар» компаниясы Өзбекстанда үлкен стоматологиялық референс-орталығын құруға қатысады.

Бүгін Алматыда «Медико – Инновациялық Технологиялар» және BMB Trade Group компаниялары арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Құжатқа BMB Trade Group ​ компаниясы жанындағы Халықаралық ғылыми-практикалық стоматологиялық орталықтың бас директоры Махмуд Асамов пен «Медико – Инновациялық Технологиялар» ЖШС бас директоры Игорь Захаров қол қойды.

Инфрақұрылымдық медициналық жобаларды әзірлеу мен жүзеге асыруда, сондай-ақ инновациялық медициналық және технологиялық шешімдерді іске асыруда үлкен тәжірибесі бар «Медико – Инновациялық Технологиялар» компаниясы, BMB Trade Group ​ ​ компаниясына жобалау, құжаттарды әзірлеу және жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша кеңес береді. «МИТ» медициналық, зертханалық және технологиялық жабдықтармен, сондай-ақ қалдықтар мен медициналық газдарды залалсыздандыру жүйелерімен қамтамасыз етеді.

Ташкенттегі «Халықаралық ғылыми-практикалық стоматологиялық орталық» заманауи жабдықтармен жабдықталады, бұл ауыз қуысы ауруларын емдеу мен алдын-алуда, диагностикада, хирургияда, этиологиясында, патогенезінде, соның ішінде жақ-бет аймағындағы ақауларды емдеуде заманауи технологияларды қолдануға мүмкіндік береді. Орталықтағы оқу процесі де әлемдік стандарттар негізінде ұйымдастырылатын болады.

Референс-орталық танымал шетелдік мұғалімдер мен жетекші стоматологтарды тартуға бағытталған. Басымдықтардың бірі – Ташкент мемлекеттік стоматологиялық институтының жоғары курс студенттерін стоматологияның барлық бағыттары бойынша, соның ішінде клиникалық ординатурада оқуға тарту, бұл бет және жақ хирургиясы, әсіресе эндодонтия, периодонтология, ортографиялық және лазерлік стоматологияның дамуына мүмкіндік береді.

«Медико – Инновациялық Технологиялар» компаниясы Орталық Азиядағы қатысуын 2020 жылдың желтоқсанында Өзбекстанда филиалын ашу арқылы кеңейтті. «МИТ» компаниясы озық инновациялық шешімдер мен технологияларды енгізу және іске асыру арқылы достық елдегі денсаулық сақтау жүйесінің дамуына зор үлес қосатынына сенімді.«Медико – Инновациялық Технологиялар» компаниясының қызметі клиенттер мен серіктестерге барлық қызмет түрлерін ұсына отырып медицинаны дамытуға және кез-келген қиындықтағы медициналық мекемелерді жабдықтауға бағытталған. Өзбекстанда «МИТ» стоматологиялық референс-орталықпен жұмыс жасап бастайды. Сонымен қатар, филиал келесі бағыттар бойынша жұмыс істейді: диагностикалық жабдықтар, таза бөлмелер кешені, медициналық қалдықтарды залалсыздандыру, пайдалану жабдықтар, медициналық және технологиялық жобалау, онкология және ядролық медицина, және JCI сертификатына дайындық.

www.medico-intech.uz