«МИТ» ЖШС “Өзенмұнайгаз ”өндірістік филиалының 50 төсек -орындық стационары бар медициналық орталығы (емхана) әлеуметтік жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыстарды жалғастыруда
«Медико – Инновациялық Технологиялар» ЖШС Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы әлеуметтік маңызы бар «“ӨзенМұнайгаз” өндірістік филиалының 50 төсек-орындық Медициналық орталығы (емхана)» жобасын жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыруда.
Медициналық орталық екі негізгі және қосалқы төрт қабатты ғимаратта орналасады. Медициналық орталықтың құрамына мыналар кіреді:
-
қабылдау-диагностика бөлімі,• арнайы кабинеттері бар емхана,• сәулелік және функционалдық диагностика бөлімі,• зертхана,• эндоскопиялық бөлімі,• физиотерапия бөлімі,• операциялық блок,• реанимация және қарқынды терапия бөлімі,• 50 төсек- орындық аурухана,• өтпелі типті орталық зарарсыздандыру бөлімі,• кір жуатын орын,• ас әзірлейтін блок.
Бөлімшедегі операциялық бөлім, реанимация төсектері мен палаталары оттегімен және басқа да медициналық газдармен қамтамасыз ету үшін орталықтандырылған медициналық газбен жабдықтау жүйесімен жабдықталады.
Медициналық орталық жоғары технологиялық радиологиялық жабдықтармен жабдықталған:
• Магниттік-резонанстық томограф Signa Explorer 1.5T, GE Healthcare, АҚШ;
• КТ жүйесі Revolution EVO, GE Healthcare, Жапония;
• Ангиографиялық рентгеноскопиялық жүйесі Optima IGS 330, GE Healthcare, АҚШ;
• Сандық маммографиялық жүйесі Senographe Crystal, GE MEDICAL SYSTEMS,
ФРАНЦИЯ.
Қазіргі уақытта мекемеде медициналық құрал-жабдықтарды жеткізу және орнату жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ оқыңыз
18.12.2024
Алматы қаласының Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында Innova IGS 6 ангиографиялық қондырғысының орнатылуы аяқталды
КӨБІРЕК БІЛУ ҮШІН
17.12.2024
МИТ компаниясы Өзбекстанға зертханалық жабдықтарды жеткізуге шарт жасасты
КӨБІРЕК БІЛУ ҮШІН
12.12.2024
Швейцарияда LEICA Microsystems компаниясынан тренинг
КӨБІРЕК БІЛУ ҮШІН