Қазақстанда медициналық туризмді дамытатын компанияның тұсаукесері өтті

2021 жылдың 20 қазанында AlphaMedGroup компаниясының тұсаукесері өтті. AMG директоры Кристина Кривец компанияның негізгі қызметі Қазақстанның емханалары мен курорттарында сапалы медициналық қызмет алу үшін кіру және ішкі медициналық туризмді дамытуға бағытталғанын атап өтті.

Елдің ең үздік медициналық ұйымдарында бар диагностика мен емдеудің заманауи, инновациялық әдістерінің сапасы мен қауіпсіздігі туралы объективті ақпаратты адамдарға жеткізу бұрынғыдан да маңызды. Сонымен қатар, компания қазақстандық дәрігерлер мен басқа да медицина мамандарының республикада жаңа технологиялар мен емдеу әдістерін енгізу үшін шетелдік үздік орталықтарда тағылымдамадан өтуін ұйымдастырады, және де отандық емханаларға консультациялық қызмет көрсетеді.

 

 

Тұсаукесерге шақырылғандардың арасында Қазақстанның жетекші медициналық ұйымдарының басшылары, UMC қорының мүшелері, бірқатар шет елдердің елшілері, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің өкілдері және т.б болды.

Өзінің кіріспе сөзінде «Медико-инновациялық технологиялар» Бақылау кеңесінің төрағасы, AMG негізін қалаушы Михаил Гутерман Қазақстанда медициналық туризмді дамыту үшін барлық қажетті жағдайлар бар екенін баса айтты. «Медико-инновациялық технологиялар» компаниясының 15 жылдық қызметінде 45-тен астам толық аяқталған жобалар іске асырылды, инновациялық технологиялар енгізілді және американдық және еуропалық үздік клиникалар деңгейінде медициналық көмек көрсету үшін жағдайлар жасалды. Ол қазақстандық дәрігерлердің жоғары кәсіби деңгейі мен адами қасиеттерін атап өтті.

 

 

Тұсаукесерде Ұлттық балаларды оңалту орталығының директоры Шолпан Бөлекбаева, сондай -ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілік бөлімі ауруханасы директорының орынбасары Әлия Төлеуова сөз сөйледі. Олар JCI стандарттарына сәйкес келетін медициналық орталықтары туралы – әлемдік деңгейдегі медициналық көмек, ондағы емдеу мүмкіндіктері туралы айтты, сонымен қатар АМГ -ны Қазақстандағы медициналық туризмді мақсатты түрде дамытатын болашақ серіктес ретінде қарсы алды.

 

 

Семейден келген қонақтар, жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Ерлан Бүркітов пен Ядролық медицина және онкология орталығының бас дәрігері Марат Сандыбаев қатысушыларды өз емханаларында енгізілген жаңа технологиялармен таныстырды, сондай-ақ AlphaMedGroup-тың Польша мен Израильдегі мамандары үшін жоғары сапалы оқытуды ұйымдастырудағы рөлін жоғары бағалады.

Барлық қонақтар Қазақстандағы медициналық туризмнің маңыздылығын, жақсы даму перспективаларын және орасан зор әлеуетін атап өтті.

 

Сайтқа сілтеме:

https://www.alpha-med.kz/