Қазақстандағы алғашқы роботтандырылған хирургия орталығының ашылуы.
2017 жылдың 27 желтоқсан айында Өскемен қаласындағы №1 қалалық ауруханада Қазақстандағы тұңғыш рет Роботтандырылған хирургия орталығында ашылған болатын.
Роботтандырылған хирургия орталығының ашылуына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниа́л Кенжетайұлы́ Ахме́тов, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары – Нүсіпова Әсем Бекқызы ханым, «Шығыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы» Мемлекеттік мекемесінің басшысы Шоранов Марат Едігейұлы, №1 Қалалық аурухананың бас дәрігері – Старокожев Юрий Александрович, «Медико-Инновациялық Технологиялар» ЖШС Байқаушы кеңесінің төрағасы – М.Дмитриевич Гутерман, «Медико-Инновациялық Технологиялар» ЖШС бас директоры – Захаров Игорь Сократович, General Electric, BOWA компаниялар – серіктестер өкілдері қатысты.
Ашылу барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.К.Ахметов Senhance, Transenterix Italy s.r.l. (Италия) Роботтандырылған хирургиялық жүйесімен танысты.
Хирургиялық роботтандырылған жүйе Senhance – минималды инвазиялық тәсілдер арқылы кешенді эндоскопиялық операцияларды жүргізуге арналған аппарат, хирургқа арналған робот-ассистент. Senhance Transenterix жүйесі – лапароскопиялық хирургияны дамытудың инновациялық кезеңі. Роботтандырылған эндоскопиялық хирургия технологиясы эндоскопиялық хирургияның және роботтандырылған басқару құралдарының симбиозы болып табылады.
Ахметов Д.К мырза сондай-ақ Милан қаласындағы TransEnterix компаниясында Senhance Хирургиялық роботтандырылған жүйесінде жұмыс істеу тренингтерінен өткен дәрігер хирургтар тобымен сөйлесті.
Өскемен қаласындағы роботтандырылған хирургия орталығының ашылуы шығыс қазақстан облысында және тұтастай алғанда қазақстандағы денсаулық сақтауды дамытуда жоғары технологиялық медициналық инновациялық технологияларды енгізудің табысты мысалы болып табылады.
Өскемен қаласындағы №1 Қалалық ауруханада Роботтандырылған хирургия орталығымен қатар, «Медико-Инновациялық Технологиялар» ЖШС компаниясы симуляциялық орталық пен трансплантология орталығын жабдықтау аяқталды.