№1 Павлодар қалалық ауруханасын қалпына келтіруге келісім-шартқа қол қойылды

«Медико-Инновационные Технологии» ЖШС компаниясы «Bazis Construction» ЖШС-мен Павлодар қаласындағы «№1 Павлодар қалалық ауруханасы» ШЖҚ КММ-ң екі қабатты блогын (Д және Г блоктары) және «А» блогын қалпына келтіруге келісім-шарт жасасты.

Жоғары мамандандырылған операциялық блоктарды және палаталық бөлімшелерді жасаумен таза бөлмелер кешенінің (ТБК) құрылысы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Біздің компанияның ТБК жобалау және оның құрылысы бойынша тәжірибесі мол.

ТБК – ауаның тазалығын сақтайтын ауаның алмасу жүйелері бар жабық кеңістік.

Таза бөлмелердің мақсаты – бөлме ішінде биологиялық, химиялық және басқа бөлшектердің енуін, генерациясы мен жинақталуын азайтуға бағытталған ауаны залалсыздандыру.

ТБК қоршау құрылымдарына негізгі талаптар – ТБК жұмыс аймағын құрылыс құрылымдары мен сыртқы факторларынан қорғау мен герметикалығы.

 

ТБК-де сырғымалы немесе топсалы конфигурациялы герметикалық, механикалық немесе автоматты есіктер, темір кассеталы аспалы төбелер (таңдау бойынша сэндвич-панельдер немесе HPL пластик қолданыла алады), қажалуға және дезинфекциялық өңдеуге төзімді антистатикалық желінуге қарсы еден жабындары пайдаланылады.

 

Жоба аясында ауруханаға заманауи медициналық жабдықтарды, интервенциялық операциялар үшін ангиографиялық кешенді, хирургиялық және залалсыздандыру жабдықтарды, операциялық консольдерді, медициналық жихазды беріледі.