Мемлекет басшысы еліміздің медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Медицина қызметкерлері күніне орай Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қауымдастығы өкілдерін марапаттау салтанатына қатысты. Бұл шара — денсаулық сақтау саласына еңбек сіңірген азаматтарға көрсетілген зор құрмет.
Марапатталғандардың ішінде Даирбеков Орынбай Даирбекұлы — «Медико-Инновационные Технологии» компаниясының Бақылау кеңесі Төрағасының Кеңесшісі де бар. Оған «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы берілді.
Орынбай Даирбекұлы — өз ісіне шын берілген, медицина саласына өлшеусіз үлес қосқан жан. Оның еңбегі, тәжірибесі мен даналығы — біз үшін баға жетпес құндылық. Осындай тұлғаның біздің командада болуы — зор мақтаныш!
Біз барлық медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!
«Біз сіздердің қажырлы еңбектеріңізді жоғары бағалаймыз және табандылықтарыңызбен мақтанамыз. Бір адамның өмірін құтқару — бүкіл адамзатты құтқарумен тең. Сіздер — бейбіт күннің нағыз қаһармандарысыздар. Барша медицина қызметкерлеріне шынайы алғысымды білдіремін», — деді Мемлекет басшысы.
Дереккөз: Akorda.kz


