МИТ – Walter E. Dandy атындағы Нейрохирургиялық Қауымдастықтың 10-шы Дүниежүзілік Конгресінің серіктесі
2025 жылғы 27–28 маусымда Астанада Уолтер Э.Дэнди (Walter E. Dandy) атындағы Нейрохирургиялық Қауымдастығының 10-шы Дүниежүзілік Конгресі өтті. Бұл шара нейрохирургия саласындағы жетекші мамандардың басын қосып, білім мен үздік тәжірибелерді бөлісуге арналған маңызды оқиға болды.
«Медико-Инновационные Технологии» (МИТ) компаниясының командасы ретінде біз осы конгреске ресми серіктес болғанымызды мақтанышпен хабарлаймыз. Біз Leica Microsystems және Brainlab серіктестеріміздің нейрохирургияға арналған заманауи шешімдерін ұсындық.
Біздің ең жаңа нейрохирургиялық микроскоп Leica ARveo 8 ерекше назар аудартты. Бұл күрделі нейрохирургиялық процедуралар үшін арнайы жасалған шын мәнінде интеллектуалды бейнелеу жүйесі. Оның басты артықшылықтары:
- GLOW800 технологиясы: Нақты уақытта анатомиялық құрылымдар мен қан айналымын бір уақытта көрсетуге мүмкіндік беретін флуоресцентті бейнелеу мен толықтырылған шындықты біріктіреді.
- Революциялық 4K 3D визуализация жүйесі: Бейнені максималды айқындықпен көрсету арқылы әрбір бөлшек экранда нақты әрі көлемді көрінеді, бұл бүкіл хирургиялық команданың процеске толықтай қатысуына мүмкіндік береді.
- Brainlab навигациялық жүйелерімен интеграциясы: Микроскоп пен навигацияның үйлесімі хирургиялық процестің барлық кезеңінде дәлдік пен сенімді бақылау береді.
- Хирург үшін қолайлы: Икемді эргономика және цифрлық басқару хирургқа науқасқа толық назар аударуға мүмкіндік береді.
Біз сондай-ақ келесі шешімдерді ұсындық:
- Brainlab Mixed Reality Viewer: Аралас шынайылық технологиясын қолданатын операцияны жоспарлау құралы — хирургқа науқастың ми моделіне толықтай “енуге” мүмкіндік береді.
- Kick Brainlab-пен Leica ARveo 8 интеграциясы: Микроскоп пен навигациялық жүйенің мұндай синхрондалуы хирургиялық араласулар кезінде теңдесі жоқ дәлдікті қамтамасыз етеді.
- Leica MyVeo: Хирургке визуализацияға жеке қолжетімділік беретін дербес мобильді гарнитура.
Қазақстандағы Leica Microsystems және Brainlab компанияларының эксклюзивті дистрибьюторы ретінде біз, МИТ командасы, осы озық технологияларды отандық медицинаға белсенді түрде енгізудеміз. Егер сізде ынтымақтастық туралы идеялар болса немесе толығырақ ақпарат алғыңыз келсе – біз әрқашан байланыстамыз!
Кеңес алу және жабдықты сатып алу бойынша келесі мамандарға хабарласыңыз:
Сауле Искакова (Brainlab): +7 701 218 9148
Шапагат Ташим (Leica Microsystems): +7 701 224 1017


