МИТ – «Салауатты ұрпақ – Қазақстанның болашағы» III Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының бас демеушісі
«Медико-Инновационные Технологии» компаниясы 2025 жылдың 16-18 сәуірі аралығында Алматы қаласында өтіп жатқан «Салауатты ұрпақ – Қазақстанның болашағы» ІІІ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының бас демеушісі болды.
Конференцияны қолдау МИТ миссиясын, яғни, практикалық денсаулық сақтауда инновациялық шешімдерді енгізуге жәрдемдесу, медицина мамандарының кәсіби құзыреттілігін дамыту және заманауи медициналық жабдықтарды клиникалық тәжірибеде тиімді пайдалануды қамтамасыз етуді көрсетеді.
Конференция тәжірибе алмасу және ана мен бала денсаулығын сақтау саласындағы озық тәсілдерді біріктіру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Іс-шараны ұйымдастырушылар арасында:
- Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы;
- Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы;
- С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті;
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;
- Қазақстан-Ресей медициналық университеті;
- Неонатологтар және балалар медицина мамандарының медициналық қоғамы.
Конференция тақырыптары қазіргі заманғы медицинаның негізгі бағыттарын қамтиды:
- Акушерлік және гинекология;
- Неонатология және перинатология;
- Балалар кардиохирургиясы;
- Ұрықтың хирургиясы және пренатальды диагностика;
- Медициналық генетика;
- Мейірбике және неонаталдық күтім;
- Педиатриядағы тамақтану мен скринингтің заманауи тәсілдері.
MИТ-тің конференцияға қатысуы – болашақ ұрпақтың денсаулығы үшін технологиялар, білім мен құзыреттер біріктірілген тұрақты денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі.


