Ауысымына 500 келушіге арналған республикалық диагностикалық орталық (Астана қ.)
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша құрылған медициналық кластер нысандарының бірі.
20 мың шаршы метр ауданда келесі құрылымдық бөлімшелер орналасқан:
- Ересектер, жас өспірімдер және балалар үшін кеңес беру бөлімшелері,
- Клинико-диагностикалық зертхана,
- Функциональды диагностика бөлімшесі,
- Ультрадыбыстық зерттеу бөлімшесі,
- Эндоскопия бөлімшесі,
- Күндізгі стационар,
- Амбулаторлы хирургия бөлімшесі,
- Сәулелік диагностикалау бөлімшесі,
- Ядролық медицина бөлімшесі.
Республиканың медициналық мекемелерінің арасындағы жаңашылдықтың бірі емдеу-диагностикалық процесіне екі өзара байланысты ақпараттық технологияларды енгізу болып табылады: кезекті электронды басқару жүйелері және клиникалық-ақпараттық жүйелер.
Қолданысқа 2008ж. шілдеде енгізілген.