MIT & Mindray Шымкентте
Бүгін Шымкент қаласындағы «Түркістан облысының облыстық клиникалық ауруханасы» ШЖҚ МКК-ң базасында «Анестезиологтар және реаниматологтар федерациясының» (АРФ) сырттай отырысы басталды. Қатысушылар Түркістан облысының тұрғындарына анестезиологиялық және реанимациялық көмек көрсетуді жақсартудың маңызды мәселелерін, сондай-ақ, практикалық мәселелерді – жан сақтау бөлімшелеріндегі өмірлік маңызды функциялардың заманауи мониторингі, ингаляциялық анестезия және IT технологияларын талқылайды. Жиынға анестезиология және реанимация, оның ішінде балалар медицинасы саласындағы денсаулық сақтау мамандары қатысады. Талқылау қорытындысы Түркістан облысының тұрғындарына медициналық көмек көрсету сапасын арттыруға ықпал етеді деп күтілуде.
MИТ ресми дистрибьютор ретінде Қытайдың жетекші медициналық жабдықтар өндірушісі Mindray компаниясының реанимациялық және диагностикалық жабдықтарын ұсынды.
Шеберлік сыныбы барысында тәжірибелі анестезиологтар мен реаниматологтар медициналық жабдықтардың функционалдық мүмкіндіктерімен танысуға мүмкіндік алады.
Шара мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдауға және клиникалық тәжірибеде озық технологияларды пайдалануға үлкен үлес қосуда.