МИТ және Mindray бірлескен іс-шарасы

2024 жылдың 13 шілдесінде Талдықорған қ. көп салалы ауруханасында МИТ және Mindray компанияларының демеулік қолдауымен «Анестезиологтар және реаниматологтар федерациясы» РҚБ басқармасының Жетісу облысының РҚБ филиалымен бірге сырттай кездесуі өтті.

Кездесу бағдарламасында талқылау үшін негізгі тақырыптар болып анестезиологиялық технологияларда мониторинг пен заманауи шешімдер және анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінде IT-шешімдері бар сандық реанимация болды.

МИТ компаниясы, Mindray жетекші қытай өндірушісінің анестезиологиялық және реанимациялық жабдықтардың дистрибьюторы ретінде, қатысушылар назарына BeneVision N17 және N1 науқас мониторларын ұсынды.

Экранның ультра заманауи технологияларының арқасында N сериялы BeneVisionTM науқас мониторлары анық, толық түсті, кең форматты кескіндерді қамтамасыз етеді, бұл қолданушыға қажет мәліметтерді бірден алуға, ал мультисенсорлы бақылау – мониторды жылдам және оңай басқаруға және науқас мәліметтерін шолуға мүмкіндік береді.

BeneVision N17 стандартты комплектациясына мультипараметрлік модуль кіреді, ол ИЕАҚ, 2 Темп, SpO2, 3/5 сымды ЭКГ өлшеуге мүмкіндік береді.

N сериялы BeneVision науқас мониторлары әлі де жасап шығарылып жатқан жаңа қосымшалармен бірге әлемдегі ең жақсы мониторинг технологияларын ұсынады.

  • Гемодинамикалық мониторинг үшін тамаша шешім ICG (ИКГ), PiCCO, ScvO2, CВ сияқты өлшеу әдістерінің кең ауқымын ғана емес, сонымен қатар науқастың гемодинамикалық күйіне назар аударуды және терапияның әрбір кезеңі үшін кешенді құралдарды қамтамасыз ететін HemoSightTM кешенді талдау құралын ұсынады.
  • INVOS rSO2 тіндердің аймақтық оксигенациясын кеңейтілген модульдік өлшеуі.
  • Көлемді капнография және метаболизмді бағалау желдетудің сапасын бағалауға және ӨЖЖ аппаратының қолайлы реттеулерін таңдауға, науқасты ӨЖЖ аппаратынан науқасты ажырату және экстубация қауіпсіздігін арттыруға көмектеседі.
  • Әмбебап клиникалық қосымшалар (CAA) нәтижелі шешімдерді жылдам қабылдауға көмектеседі. Әрбір CAA қосымшасы аурухананың түрлі бөлімшелері кездесетін клиникалық процестің маңызды тапсырмаларына фокусталған.

N1 науқас мониторы жерде және ауада тасымалдаудың түрлі нұсқалары үшін өте дұрыс шешім болып табылады. N1 жоғары сенімділігі мен өнімділігі медициналық мекеме ішінде және одан тыс тасымалдау кезінде науқастың үздіксіз мониторингісінде сенімді болуға мүмкіндік береді.