Ұлттық ғылыми жұқпалы аурулар орталығы (Алматы қ.)
Алматыдағы Ұлттық ғылыми жұқпалы аурулар орталығы диагностика, емдеу және ғылыми жұмыстарға арналған озық құрал-жабдықтармен жабдықталған 350 төсектік емханасы бар заманауи емдеу-зерттеу кешені болып табылады.
Орталық жұқпалы аурулар, пульмонология және фтизиатрия саласында мамандандырылған және жоғары технологиялық көмек көрсететін болады. Клиникалық қызметтен бөлек, ғылыми зерттеулер жүргізеді, медицина мамандарын оқытады, инновациялық технологияларды енгізеді және дәрілік заттардың тиімділігін бағалайды.
Оның негізінде республика бойынша эпидемиологиялық жағдайды бақылайтын ахуалдық орталық құрылуда. Бұл халықтың денсаулығына төнген қатерлерге дер кезінде ден қоюды және денсаулық сақтау жүйесін қолдауды қамтамасыз етеді.
Орталық сонымен қатар отандық медицина ғылымы мен тәжірибесінің дамуына үлес қосатын дәрігерлер, ғалымдар мен Алматыдағы медициналық жоғары оқу орындарының студенттері үшін клиникалық базаға айналады.