Бағытты ультрадыбыстық емдеу орталығы. Көпсалалы онкология және хирургия орталығы (Өскемен қ.)

Қазақстанда алғаш рет. MRgFUS (ФУЗ-МРТ) магниттік-резонансты томографияның бақылауымен фокусталған ультрадыбыс абляциясы

«Медико-инновациялық технологиялар” компаниясы Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасы «Көпсалалы онкология және хирургия орталығы» ШҚО ШЖҚ КМК базасында операциялық блокты жарақтандыру бойынша инновациялық жобаны іске асырды. Жобаның негізгі элементтері INSIGHTEC өндірісінің фокусталған ультрадыбысымен инвазивті емес абляцияға арналған ExAblate жүйесі және GE Healthcare өндірісінің 3.0Т SIGNA Architect магнитті-резонансты томографы болды.

INSIGHTEC жабдықтары өзінің таңғажайып нәтижелерімен әлемде кеңінен танымал, жетекші клиникалар онсыз өз жұмыстарын елестете алмайды. Енді бұл жүйе Қазақстанға да келіп жетті.

Технология туралы                                

MRgFUS магнитті-резонансты томографиясының (ФУЗ-МРТ) бақылауымен Фокусталған Ультрадыбыспен Абляциялау (ФУЗ) магнитті – резонансты томографияның (МРТ) бақылауымен ағзаның ішіндегі ерекше тіндердің нақты бөлінген аймақтарын қашықтықтан коагуляциялайтын инвазивті емес хирургиялық процедура.

MRgFUS (ФУЗ-МРТ) абляциясының жоғары технологиясы ауырсынудың сенсорлық көзі болып табылатын ісіктерді, жүйке ұштарының шеттерін инвазивті емес алып тастауға, сондай-ақ бас миындағы өткізгіш жолдарға әсер етуге мүмкіндік береді.

MRgFUS (ФУЗ-МРТ) – анатомиялық құрылымдарды визуалдауды, ультрадыбысты бағыттауды және нақты уақыт режимінде қыздыруды бақылауды қамтамасыз ететін магнитті-резонансты томографияның бақылауымен ағзаның ішінде таңдалған нүктелердің коагуляциясын қамтамасыз ететін жоғары қарқынды фокусталған ультрадыбыстың үйлесімі.

MRgFUS (ФУЗ-МРТ) технологиясын қолдану арқылы жасалатын операциялар амбулаториялық негізде жүзеге асырылады және наркозды қажет етпейді. MRgFUS (ФУЗ-МРТ) процедурасының ұзақтығы ісік түйіндерінің көлеміне және олардың санына байланысты, орташа есеппен 3 сағатты құрайды.

Онкологияда қолдану:

·       Қуықасты безі обырының фокалды терапиясы (СЕ)

·       Сүйек метастаздары мен ауырсыну синдромының паллиативті терапиясы (FDA, CE)

·       Жатыр миомасы мен аденомиозды емдеу (FDA, CE)

Бұрын бұл процедура тек шетелде ғана қол жетімді болатын, енді «Медико-инновациялық технологиялар» Өскеменде осы медициналық шешімді іске асырған кезде бұл процедура Қазақстанның барлық тұрғындары үшін оңай әрі жылдам қолжетімді болып отыр.